Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қарақұйрық

Сымбатты жіңішке аяқтары бар, әсем жұптұяқты жануар (денесінің ұзындығы 1 м, шоқтығының биіктігі 60-75 см). Аталығының басында ұзындығы 40 см жіңішке мүйізі болады, аналығы мүйізсіз. Шөл өміріне жақсы бейімделген және ұзақ уақыт бойы су ішпей жүре береді, бірақ түйемен салыстыруға болмайды. Көктемде және жаздың бірінші жартысында аздаған топ болып жүреді, күзге жақын, қыста үлкен үйір бірнеше жүздеген бас болып жиналады. 5-6 ай буаздықтан кейін, әдетте мамырдың басында, аналығы 1-2 төлін дүниеге әкеледі. Төлі алғашқы күндері суық пен бөтен көзден бұталардың ығы мен ой-шұңқырларға тығылады. Қарақұйрықтың жаулары — қасқыр, түлкі, төлдерін кейде қыран, бүркіттер алады, дегенмен ең үлкен қауіп — мылтықты адам. Әсіресе түнде машина жарығымен қарақұйрықты аулау, кең таралған браконьерлік аң аулау әдісі, жарыққа көздері шағылысқан жануарлар дәрменсіз болып, бір орнында тұрып қалады. Осылай қарақұйрықтың саны күрт азайып, ұлттық қана емес, Халықаралық Қызыл кітапқа да енгізілді. Соңғы жылдары Қазақстанда бұл жануардың саны жайлап өсіп келеді.

Оқуға кеңес береміз:

Арқар

Таутеке

Ақбөкен

Үстірт арқары

Қызыл кітапқа енген жануарлар (омыртқалылар)


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама