Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 14 сағат бұрын)
Қарлығаш пен шөже торғай

Бір мәуелі бақта биік кәрі қарағай өсіп тұрыпты. Көктемде оның басына қарлығаш пен шөже торғай ұя салып, балапан шығарыпты.

         Шөже торғай балапанына қурай басын сындыртпай, ерке-тотай қылып өсіріпті. Балапан тентек, ойынды ғана біледі екен.

         Қарны ашса, шешесіне келіп, аузын ашады, анасы тапқан-таянғанын балапанына береді.

         Ал қарлығаштың балапаны елгезек, еңбекқор болып өсіпті.

         Уақыт зымырап өте береді. Күз түседі. Екі балапан да ер жетеді. Енді олар өз беттерімен күн көріске кіріседі. Қанаты қатайған соң, қарлығаштың балапаны жол қиыншылығынан қорықпай, жылы жаққа ұшып кетеді.

         Шөже торғайдың балапаны жерден теріп жейтін дәнге сеніп, бақта қалады. Қыс түседі. Жерді қар басады. Не азығы, не бас сұғар панасы жоқ шөже торғай әбден ашығады. Ақыры үскірік аяз соғып, ештеңеге ебі жоқ, тоғышар балапанды бүрістіріп тастайды.

         Қайтадан көктем келеді. Қайта оралған қарлығаштың балапаны шырылдап, құрдасын іздей бастайды.

         — Жылама, – дейді, оған кәрі қарағай. — Шөже торғайдың балапаны еңбек етпеді. Сөйтіп, аштан өлді. Еңбексіз тіршілік жоқ. Соны біліп қой.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама