Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар, 8 сынып
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 8 сынып.
Тақырыптар:
41. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас
42. Мезгіл бағыныңқы сабақтас
43. Себеп бағыныңқы сабақтас
44. Қимыл - сын бағыныңқы сабақтас
45. Мақсат бағыныңқы сабақтас

Сабақтың тақырыбы: Қарсылықты бағыныңқы сабақтас
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлемдерден алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту.
ә) дамытушылық: ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту; ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне сенімдерін арттыру.
б) тәрбиелік: сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу; топпен жұмыс жасап, бір - бірін тыңдай білуге үйрету; сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, іздендіру, шығармашылықпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Басыңқыдағы іске бағыныңқыда айтылған іс немесе бағыныңқыдағы іске басыңқыдағы іс қарсы қойыла айтылған сабақтасты қарсылықты бағыныңқы сабақтас дейміз.
Қарсылықты бағыныңқылар Қайтсе де? Не етсе де? Қайткенмен? Не еткенмен? деген сұрақтарға жауап береді.
- са да, - се де. Мысалы: Қыс келсе де, қар жаумады).
- ғанмен,- генмен, - қанмен,- кенмен Мысалы: Қыс келгенмен, қар жаумады.
(- а,- е,- й)+ тұра (Қыс келе тұра, қар жаумады).
(- ғанына,- геніне,- қанына,- кеніне) + қарамай (қарамастан) Мысалы: Қыс келгеніне қарамастан, қар жаумады.
(- ғаны,- гені,- қаны,- кені) + болмаса Мысалы: Қыстың келгені болмаса, қар жаумады.
- ғанша,- генше,- қанша,- кенше Мысалы: Далаға шығып жаурағанша, үйде отыр.

Қарсылықты бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады:
а) шартты райлы етістікке да (де) шылауы жалғас келу арқылы: Абай Дәндібай сөзінен жақсы пейілді аңғарса да, ол кезде көмектерін алмаған - ды.

ә) шартты райдың болымсыз түрінен: Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді.

б) есімшеге көмектес септік (- мен) жалғауы қосылуы арқылы: Ұлберген кедей болғанмен, киім - кешектерін таза ұстайтын еді.; есімшенің бұл түріне кейде да, де шылауы қосылып та қарсылықты бағыныңқы сабақтас жасалады: Қасен байбаламдағанмен де, ойын тоқтала қоймады;

в) есімшеге - ша,- ше жұрнағы жалғану арқылы: Бір сөзді қайталай бергенше, менің комбайнды жүргізгенімді айтсаңшы.
г) – а,- е,- й жұрнақтары көсемше түрінен болады: Жастар білім жағынан артық бола тұра, тәжірибелі жұмысшылардың жәрдеміне мұқтаж болады екен.

ғ) келер шақ есімшенің болымсыз түріне шығыс септік жалғауының (- тан,- тен) жалғануы арқылы жасалады: Отыз екі жасқа келгеніне қарамастан, осы жазда капитан Енакиевтің самайына ақ кірді.
Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдары (кесте)

Жаттығумен жұмыс: 129 - жаттығу.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 125 - жаттығу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама