Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қарсылықты салалас
Қазақ тілі
Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Қарсылықты салалас
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қарсылықты салаластан алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту.
дамытушылық: ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту; ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне сенімдерін арттыру.
тәрбиелік: патриоттық сезімдерін ояту, Отанын қорғайтын азамат тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Әдіс – тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, семантикалық карта, сәйкестендіру тесті, топтастыру, Синкуейн әдісі, «Қарлы кесек» әдісі

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа назарларын аудару.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
Себеп - салдар салалас. 104 - жаттығу
«Сәйкестендіру» тесті
1. Тереңге балық уылдырық шаша алмайды,...
2. Сасық күзен, тышқан, жылан сияқты жәндіктер оқпанды жерден інді көп қазады...
3. Есенқұл жауап қатқанша болған жоқ
4. Кей металдар табиғатта өте аз
жаңағы жүк машинаға да жеттік
неге десең, ондай жердің асты ылғалсыз құрғақ болады.
және таза түрінде кездесуі сирек.
неге десең, онда уылдырық оралатын не балдыр, не шөп, не қамыс жоқ.

ІІІ Сабақты актуалдау.
«Қарлы кесек» тәсілі
1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2. Құрмалас сөйлемнің түрлері
3. Салалас құрмалас дегеніміз не?
4. Салалас құрмалас мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?
5. Ыңғайлас салалас қалай жасалады?
6. Себеп - салдар салалас дегеніміз не?

ІV Жаңа сабақ. Тақтаға мысалдар жазылады, оқушылар өздері оқып талдайды да, ережені өздері шығарады. Бұл жерде мұғалім тек бағыт беруші.
Қарсылықты салалас.
Күн сайын бір жаңалық болады, алайда бұл жаңалық ананы бұрынғыдай мазасыздандырмайды.(Ғ. С.)
Бұл ел Мұхитты бұрын да қадірлеуші еді ғой, дегенмен онысы мұндай дәрежеде емес - ті.(Ғ. С)
Елемес бір нәрсе айтайын деп еді, - Шымырбек үндемей қалды. (С. Е)
Бұл әлі құлама кәрі кісі емес еді, қайғы қасіреті жаншып барады.
• Бас болмақ оңай, – бастамақ қиын.
(мақал)
«Ережелер» елі
Қарсылықты салалас – құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс, оқиға екіншісіндегі іс, оқиғаға қарама - қарсы болатын салаластың түрі.
бірақ, сонда да, дегенмен, алайда, әйтсе де, сөйтсе де – қарсылық мәнді жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.
Қарсылықты салалас

Жалғаулықты қарсылықты салалас
Жалғаулықсыз қарсылықты салалас

«Тапсырмалар» елі
1. 106 – жаттығу. Берілген жай сөйлемдерге ойларыңнан қарама - қарсы мәнді жай сөйлем ойлап жазып, қарсылықты салалас құраңдар.
1. Жел саябырлаған сияқты,...
2. Теңіз тынышталды,...
3. Тау астындағы көлдің үңгірі жолдан алыс емес екен,...
4. Бұрын бай еді,...
5. 5. Көп балалы үйдің шаң - шұңы көп болушы еді,...
6. 6. Жаз ортасы болып қалды,...
2. 107 – жаттығу. Қарсылықты салаластың қандай түрі екендігін анықтап, тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңдер.
Оларда пасықтық бар,- адамдық жоқ; қараңғы жауыздық бар,- жарқын жүз жоқ. Мен түріктің падишасы Афрасиабтың өзінің қымбат нәрселерін, алтын, күмістерін Хорезм өлкесіндегі Кердеріден жоғары бір жерге көмгендігі туралы көне деректі парсы тілінен оқып білдім, бірақ ІІ Хұсрауға дейін оны ешкім білмеген. Жанқия апай сені елжіретіп сүймейді де, өтінбейді де, алайда шыж - быж етіп ұрыспайды да.... Ұлболсын жауап беруден, сөйлесуден тартынбайды, - неге екені белгісіз, қаймығады. Мектеп бітіруімізге бірталай уақыт бар, сонда да әрқайсымыздың неге икем екеніміз байқалып қалған-ды.

«Алғырлар» елі
Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей – Семантикалық карта
ІІ деңгей – 108 – жаттығу
ІІІ деңгей – Аяқталмаған сөйлемдер
1. Сөйлемдерді үш топқа бөліп жазу қажет
Ыңғайлас салалас
Себеп - салдар салалас
Қарсылықты салалас
Сөйлемдер
Жел саябырланған сияқты,- екпіні әлі қатты.
Ол жылдам жазып отыр, себебі бұл бұрыннан - ақ көкейінде сайрап жүр еді.
Қаныш Баянауыл әндерін көп біледі және өзі жақсы орындайды.
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қардың суы секілді тез суалар.
Мұраттың балалық шағы елде болып жатқан үлкен өзгерістермен тұтас болады, сондықтан ол тез есейді.
Олардың бәрін үйіне апарды да, торға қамап қойды.
Мезгіл кешкіріп кетті, амалсыз қонуға тура келді.
Әлгі түсімді қайта - қайта көргім келгендей көзімді жұмып едім,- ұйқым келмеді.

2. 108 – жаттығу. Қайсысы ыңғайлас, қайсысы себеп - салдар салалас, қайсысы қарсылықты салалас екенін табыңдар.
Мұғалімнің жұмысында қиындықтар өте көп және мұғалімнің жауаптылығы да өте зор. Адамдарға мұғалімнің еткен әсері мәңгі қалып қояды, сондықтан да мұғалім өзін - өзі бақылай жүруге тиіс. Түсінен шошынып, дүниенің төрт бұрышын тегіс кезіп шығады, бірақ қайда барса да көретіні – қазып жатқан көр болады. Құдайдың қаһарынан жалбарынып құтылуға болады,- халықтың қарғысынан ешқашан да құтылуға болмайды.
Тренинг. «Жұлдызды жаңбыр»
1. Кенеттен жел тұрды
2. Жел қатты тұрды
3. Жаңбыр сіркіреді
4. Жаңбыр қатты сіркіреді
5. Жаңбыр басылды
6. Күн шайдай ашылды (2 рет)
Аяқталмаған сөйлемдер...
1. Мен де алға қарайтынмын, бірақ...
2. Осы кеш өте ұзақ отырдым, дегенмен..
3. Әлгі түсімді қайта - қайта көргім келгендей көзімді жұмып едім,-...
4. Жатақхананы ол оңай тапты, алайда...
«Ғажайыптар» елі
Сол, сонша,
сол себепті
Бірақ, дегенмен
Да, де, әрі, және
Алайда, әйтсе де,
сонда да
Елбасы жолдауынан үзінді
Мемлекет басшысы сіздердің оқуларыңыз бен өсіп - өнулеріңіз үшін барлық жағдайды жасады. Әлемдік деңгейдегі университет, зияткерлік мектептер ашты, «Болашақ» бағдарламасын құрды. Қазір мемлекеттік жастар саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленуде. Мемлекет сіздердің алдарыңыздан жаңа мүмкіндіктер ашылуы үшін барлығын жасауда. Естеріңізде болсын: сіздердің табыстарыңыз – ата - аналарыңыздың табысы, туғандарыңыз мен туыстарыңыздың табысы, отбасыларыңыздың табысы, барлық отандастарыңыздың табысы, біздің Отанымыздың табысы.
- Біздің осындай дәрежеге жетіп отырғанымыз ненің арқасы?
- Әрине, дұрыс айтасыздар, Тәуелсіздіктің, ендеше тәуелсіздік тақырыбында бес жолды өлең құрастырамыз.
Бес жолды өлең. Тәуелсіздік

Сабақты бекіту үшін бірнеше сұрақтар қоямын
Бағалау
Үйге тапсырма: 109 - жаттығу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама