Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 16 сағат бұрын)
Қасым Қайсеновтің мерейтойына орай «Жау тылындағы бала» повесті бойынша әдеби шолу сценарииі
Қазақстанның Халық қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, Қасым Қайсеновтің ------ жылдық мерейтойына орай «Жау тылындағы бала» повесті бойынша әдеби шолу сценарииі

Мақсаты: 1. Ұлы жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу. Оқушыларды біздің жерлес қаһарман жазушы, яғни Қасым Қайсеновтің шығармашылығы мен өмірімен таныстыру.

2. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту.
Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту. Кейіпкерлердің іс - әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі іс шарамыз Қасым Қайсеновтің Халық қаһарманы, партизан жазушы - Қасым Қайсеновтің туғанына биыл 100 жыл толып отыр. Ұлы Отан соғысы жылдары Белорусь пен Украинада партизан қозғалыстарын бастаған, ерен ерлігі аңыз болып айтылып жүрген батырдың мерейтойына орай бірнеше повестерінің ішінен «Жау тылындағы бала» повесі желісінде дайындалған әдеби шолуымызды бастаймыз.
Қасым Қайсеновтің өмірі мен шығармашылығы бейнебаян ретінде таныстырылады
Жас талап клубының мүшесі.................. Қара тұман қара бұлт үйіріліп аспанға,
Қасым ата қару алып жауға қарсы ұмтылды. Жұртым деген ер сөзі көкейінде жатталып, Отан деген от сөзі жүрегінде сақталып...
Асқар Алтай алыбы –
Жомарт жүрек жайсаңым!
Дүниенің жарығын
Жанмен cезген қайсарым!

Асубұлақ аялап,
Ашулы Алтай шыңдаған.
Кәрі Карпат саялап,
Сынағанда – сынбаған.

Асау Ертіс тербетіп,
Арқа, Алатау жебеген.
Қасым аға келбетін,
Бар қазаққа теңер ем!

Түр - өңінде: Батырлық,
Жүрегінде: Даналық!
Жаны тұнған ақындық,
Жаны толған ағалық!

Тағдырымен таласқан,
Қазағымның өзіндей!
Эпостарға жарасқан,
Батырлардың көзіндей...

Жарытуға қазақты,
Керек әлі ғасырлар.
Танытуға қазақты,
Керек әлі Қасымдар!

Бар қазақтың ағасы –
Дарабозы Халықтың.
Батырлардың дарасы –
Алып аты Алыптың!
Қасым Қайсеновтің өмірі мен шығармашылығы бейнебаян ретінде таныстырылады
Кітапханашы Жау тылындағы бала — Қасым Қайсеновтің 1961 жылы жазған повесі. Повесте автор Ұлы Отан соғысы кезінде жау тылындағы партизандардың басқыншыларға қарсы жасаған зор ерліктерін үлкен тебіреніспен суреттеп жазған.
Кітапханашы: Құрметті жас оқырмандарымыз Қасым «Қайсеновтің жау тылындағы бала» повесін толық оқып шығуға уақыт берген болатынбыз. Осы повест бойынша ширату әдісімен үш топқа бөлініп повестегі кейіпкерлер желісімен повесті баяндайтын боламыз. Кітаптан үзінділерін осы сұрақтар арқылы оқимыз.
1 топқа Жомарт пен Жамалдың күдігі мен қорқынышы. Кейіпкерлер бейнесін сомдаңыз.
2 топқа Серіктің тапқырлығы мен қырағылығын автор қалай көрсетті?
3топқа Шығармада Анна Ивановнаның аналық қамқорлығы қалай көрінеді?
Еркін микрофон Автор берген кейіпкер бейнесіне тоқталып, кейіпкер бойындағы гуманистік қасиеттерді айтып шығыңыз.
І топ. Серік
ІІ топ. Жамал
ІІІ топ. Анна Иванова
Бейнелерді смайликтер арқылы бағалайды.
Жау тылындағы бала повесті бойынша әдеби шолу сценарииі жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама