Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қасым Сұлтанның анасы — Қандан

Үзіліссіз соғыс елді әбден титықтатып, ығыр еткен соң Абылай аз уақыт болса да дамылдау мақсатымен Қалден Серенге елші жұмсайды. Оған басшы болып Ескелді барады. Барған бетінде қалмақтың ханы:

— Сөйле! — дейді.

— Мен сөйлесем, бұрынғының адамдары айтушы еді: қазақ, қалмақ туысқан деп. Оны айғақтайтын ұқсастығымыз да көп. Ал арамызда ала ауыздық, араздық бола қалса:

«Даудың түбін қыз бекітеді,
Судың түбін шым бекітеді.
Жаудың түбін тіл бекітеді», —

деп жататын. Келіссеңіздер, сүйек жаңғыртып, не қыз беріп, не қыз алып, татуласып тынайық, — дейді Ескелді.

Сонда Қалден Серен:

— Тыңдауға сөзі жайлы, жүрек тебірентерліктей дана екен. Қыз берсек, осының өзіне берелік! — депті. Бұл сөзді ести сала Ескелді:

— Салтты санасыз бұзар. Ел ағасынан бұрын інісі жол алмас болар. Абылай еліміздің айбыны да, ағасы да, тақсыр! Жол алдымен сондағы қыздың есімі — Қандан екен дейді. Қасым сұлтан сол кісіден туған деседі айтушылар.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама