Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 51 минут бұрын)
Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль мемлекетінің Тәуелсіздік күніне орай Израиль Президенті Ицхак Герцогқа құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Израиль Президентіне және израиль халқына бақ-береке мен гүлдену тіледі.

Израильдің Тәуелсіздік күні – бұл елдегі басты мемлекеттік мереке. Ол 1948 жылғы 14 мамырда Израиль мемлекетінің құрылуы құрметіне жыл сайын аталып өтеді. Григориан күнтізбесінде бұл күн әр жыл сайын ауысып отырады, әдетте сәуір немесе мамыр айларына келеді.

Жаңалықтар

Жарнама