Tengrinews.kz / Турар Казангапов
- 15 нау. 2026 15:31
- 27
Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті президент сайлауының мерзімін айтты
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент лауазымының не үшін қажеттігі туралы сұраққа жауап берді. Сондай-ақ, ол конституциялық реформаның билік транзитіне және алдағы президент сайлауына дайындық екені туралы пікірлерге қатысты пікірін білдірді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Вице-президент лауазымына қатысты түрлі пікірлердің жүріп жатқанын білемін. Расында, бірқатар шетелде мұндай лауазым бар. Кейбір сарапшылар Қазақстанда билікте бәсекелестік күшейіп, алаңдаушылық тудыратын түрлі үрдістердің өршіп жатқанын айтады. Алайда, бұл қоғамға теріс әсер етеді деп ешқандай алаңдаушылыққа негіз жоқ. Вице-президент лауазымын құру мемлекеттік билік институттарын нығайтады, мұны болашақта көруге болады. Мен президент ретінде бұл лауазымға, сондай-ақ барлық реформаларға үлкен үміт артамын. Ал келесі президент сайлауы әдеттегідей, қолданыстағы Конституцияда белгіленген мерзімде, яғни 2029 жылы өтеді», — деп жауап берді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске сала кетейік, жаңа Конституция жобасы бойынша референдумда дауыс бергеннен кейін Президент БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысы жаңа Конституцияны дайындау мерзіміне қатысты сынға жауап берді.