- 04 нау. 2023 00:00
- 200
Қауіпсіз қала — азаматтардың қауіпсіздікке деген сенімі
Адам өмірі — дүниенің басты құндылығы. «Қазақстан-2030» бағдарламасына сәйкес, ұлттық қауіпсіздік еліміздің басты мақсаты болып тұр. Соған сүйеніп, мемлекетіміз халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шаралар жасап жатыр.
Ең әуелі, Қазақстан тұрғындарының бастан кешірген оқыс жағдайлары мен трагедияларын есімізге түсірсек. Бірнеше ай бұрын солтүстік өңірде орналасқан Екібастұз қаласында жылу-электр орталығы істен шыққаны мәлім. Соның зардабын жергілікті тұрғындар шегіп, жарықсыз және жылусыз қалған. Бұл жергілікті басқару органдарының ЖЭО жұмысын дұрыс қадағаламауынан туындады.Сонымен қатар, кезінде қанішерлер де халыққа маза бермей, үрейлерін тудырып жүрген. Олар туралы мәліметті Алишер Утевтің түсірген 5:32 сериалынан көруге болады. Кейбіреулері қамаудан шығып, бостандықта жүр. Ал, адамдарға зияны тимеу үшін оларды белгілі органдар қатаң бақылауда ұстап және психикалық ауытқуларды емдеуге барынша көмектесуде. Ұшақтардың күйреуі, өртеніп кеткен үйлер, жарылыстар, ланкестік әрекеттер, жол аппаттары, қарақшылық және т.б сияқты қауіпті жағдайлар күнде орын алуда. Соны ескере отырып, халықпен бірге қауіпсіз қаланы құруға бағытталуымыз қажет.
Ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың бірінші алғышарты ол — адамдардың санасын ояту. Қарапайым ережелерді білмей, жолға шығатын көліктер мен жаяу жүргіншілер осындай жол аппаттарының себепшілері атанады. Бейнелеу камераларының аздығынан кінәлілер мен қылмыскерлерді анықтау киындыққа түседі. Сондықтан ереже бұзғандар жазасыз құтылып кетеді де, өз қателіктерін әрі қарай жалғастыра береді. Екіншіден, белгілі бір құрылысқа бөлінген ақша өз сомасын ақтамайды. Себебі, ол қаражаттың бәрі түпкі мақсатына пайдаланылмағандықтан, сапасы да соған сай болады. «Сараң екі рет төлейді» демекші, сол нысан табиғат апаттарына төтеп бере алмайтыдай жағдайға ұшырап, ең бірінші халық зардап шегеді. Үшіншіден, заңды қатаңдату керек. Адам адамнан қорқатын кезге де жеттік. Қылмыскерлер мен қанішерлердің әрекеттерін тоқтату үшін олардың жазасының қаншалықты қатаң болатынына көздерін жеткізу өте маңызды. Бірақ, елімізде ондай заңдар қарастырылмаған немесе жеңілдетілген түрде жазаланады. Қала тұрғындарының тыныштығын сақтау үшін мемлекет те осындай қоғамның қалдықтарымен жұмыс жасауын күшейту керек.
Қорытындылай келе, қауіпсіздік ережелерін сақтау — әр адамның өзінің өмірі үшін басты міндеті. Ал мемлекет қауіпсіздігі - ел азаматтарының ішкі және сыртқы қауіпсіздігінің кепілдігі.