Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 16 сағат бұрын)
Қайталама қос сөздер
ОҚО Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы
№81 Ұлықбек атындағы негізгі орта
мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі Раимкулова Садокат Кайнарбековна

Сабақтың тақырыбы: Қайталама қос сөздер

Мақсаты: Қайталама қос сөздерді үйрену; жасалу жолдарын түсіну; бір түбірдің қайталануынан жасалатын сөздерді ажыратып, сөйлем ішінен қайталама қос сөздерді таба білуге ықпал жасау.

Сабақтан күтілетін нәтиже: Топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағыттап, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары артады; жаттығу жұмыстарын талдау арқылы еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізу, дәлелдей білу, өзгені тыңдау, тұжырым жасай білу қабілеттері жетіледі.
Сілтеме: ҚР Білім беру стандарты. Күнтезбелік жоспар 4 - сынып
Ж. Қ. Балтабаева, М. Қ. Солтанғазина, Ф. С. Лекерова «Қазақ тілі» оқулық.
Қалам, дәптер, кестелер, маркер, стикер, сюжетті суреттер, проектор, флипчарт.
Модульдердің кіріктірілуі: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлау. Оқытуда АКТ - ны қолдану. Оқыту үшін және оқуды бағалау. Дарынды және талантты баланы оқыту. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Әдіс тәсілдер:

«Үйінен адасқандар» әдісі. Салыстыру ойыны. «Өзің үшін қат» әдісі. «Өз орныңды тап» ойыны. Кері байланыс ТЖК

Ұйымдастыру кезеңі: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. 1. Психологиялық дайындық
«Бағдаршам» ынтымақтастықты орнату.
Топқа бөлу
Оқушыларды «Ғажайып қарындаштар» ойыны арқылы топқа бөлінуді, топ басшыларын тағайындауды. Бағалау критерийлері және оқушының аты - жөні жазылған кесте беріледі.

Үй тапсырмасын пысықтау
«Топтастыру» стратегиясы. «Үйінен адасқандар» әдісі ұтымды жауап беру. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.
Жаңа сабақ.
Білу:
«Миға шабуыл» әдісі Ребусты дұрыс шешуге бағдар беру.(Слайта қайшы, тал, « а»дыбысы, алма, қосу таңбасы, сөздік кітабының суреттері, дер қосымшасы жазылып тұрады)

Түсіну:
Өлең жолдары арқылы жаңа сабақты меңгерту.
Сылдыр - сылдыр бұлақтар,
Сыбдыр - сыбдыр құрақтар
Күрт - күрт орып құр аттар,
Сырт - сырт ойнар лақтар.
Қолдану:
I топ. 2 - жаттығу. «Салыстыру» әдісі.
II топ. «Өз орныңды тап» әдісі.

Сергіту сәті:

Талдау:
«Өзің үшін қат» әдісі бойынша дәптермен жұмыс ұйымдастырамын.

Жинақтау:
Топтық жұмыс.
1. Жаттығу жұмысын орындату.
2. Басқа үй жануарлары төлдерін қалай шақыратыны туралы айтқызу.
3. Қайталама қос сөздер қатысқан жұмбақтар тапқызу.

Бағалау:
Кезеңдер бойынша алған смайликтерін жинап электронды бағалау кестесіне шығару.

Кері байланыс:
«ТЖК» (түрлі желкенді кемелер ) әдісі арқылы кері байланыс орнату.

Үйге тапсырма:
4 - жаттығу. Суретке қарап қос сөздерді қатыстырып шағын мәтін жазу.
Қыс мезгіліне төрт жолды өлең құрастыру.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама