- 09 қар. 2019 00:00
- 261
Қазан сынады
Бір күні кешқұрым апақ-сапақ уақытта Құлақай бір байдың үйіне кіріп келеді. Бәйбіше қайнатып болып, бықтыруға қойған ірімшікті күзетіп көзін бір ашып, бір жұмып отыр екен.
Құлақай ірімшікті қазанымен ала жөнеледі. Бәйбіше шошып кетіп аттан салады, ауылды басына көтереді.
Құлақайдың соңына түскен қуғыншыға:
— Ей, кейін қайт, қазан сынады, — дейді. Қуғыншы қалмайды. Құлақай ірімшікті еңсере жеп, қазанды тасқа ұрып бытшыт қып:
— Қазан сынады дедім ғой, ақымақ! — деп жайына кетеді.