Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру – заман талабы
Н.Назарбаев халыққа Жолдауында «Қазақ алфавитін 2025 жылдан бастап, латын графикасына көшіру үшін дайындықты осы бастан қолға алу қажет. Бұл – қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпарат тіліне айналдырады»
Елбасы Н.Назарбаев
Жердегі өмір миллиондаған жыл бұрын пайда болды. Адам - Жердегі тіршілік өкілдерінің бірі. Тас ғасырынан бастап бүгінгі күнге дейін адамдардың дамуы бірте-бірте жүреді. Адамдар ешқашан дамуын тоқтатпайды. Адамдар өздерінің дәуірді қалыптастырады. Әрбір дәуірдің ерекшелігі мен жетілуімі бар. Әлемдегі, мемлекеттегі, қаладағы әр өзгеріс - жақсы өмір үшін өзгеріс. Не үшін адам осы өзгерістерді іске асырады? Бұл басқалармен тең және жоғары болу үшін өзгерістер. Біз техника, әскери қорғаныс, медицина, сауда, тау-кен өнеркәсібі, экология, архитектура, өнеркәсіп, экономика, тілдер салаларда жетілдірілуімен айналысамыз. Тіл деген бүкіл әлемді қалыптастырады. Тілсіз халықтың елі жоқ. Тіл деген және де Отан деген сөздердің мағыналары бірдей. Сондықтан "Отансыз адам, ормансыз бұлбұл" деген мақалды осы тақырыпқа мысал ретінде келтіре аламын.
Әрбір елдің өзінің тарихы мен тілі бар. Әрбір мемлекеттің әліпбиі әртүрлі. Бірақ олардың құрамында кириллица, латын, иероглиф немесе араб жазуымен біріктіріледі. Қазақстан латын тіліне де жеті жылдың ішінде ауысады. Мен оған сенімдімін.
Латын дегеніміз не? Латын тілі балтық, герман, славян, романс және басқа тілдік топтарды қамтитын үнді-европалық отбасыларға жатады. Латын әрпі ежелгі римдіктер қолданып, әлем халықтарының көпшілігінің хатын негіздейтін. Латын әліпбиінің шыққан нұсқалары бар. Ең көп таралған нұсқамен сәйкес, латын әріптерінің тікелей прототипі 9-шы ғасырда пайда болған грек алфавиті болды.
1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл графикасы әліпбиін қолданып келеді.
Латын тілі араб алфавиті, кириллица және басқа графикадан гөрі өте бейімделген және қолдануға дайын. Біз қазақ тілінде кез-келген гаджетке, әлемнің кез-келген жерінде бола отырып, стандартты QWERTY пернетақтасын пайдаланып жаза аламыз. Латын әлде де дамыған елдермен халықаралық қарым-қатынаста көмектеседі, яғни олармен тең жағдайда болуға болады. Айта кету керек, Қазақстанда біртіндеп көшу үшін бірнеше жыл бойы бейімделу кезеңі анықталды. Сонымен қатар, біздің жастарымызға латын тіліне ауысу қиын емес деп санаймын, өйткені олар ағылшын тілін үйренуде. Көптеген шетелдіктер қазақ тілін латын тілінде тезірек және оңай үйренеді деп өзім ойлаймын.
Менің ойымша, біздің мемлекетімізге латын деген әріпке ауысу, бұл үлкен және маңызды қадам. Бұл қадам өте қымбат және қиын болмақ. Бірақ, біздің мықты еліміз, тәуелсіз мемлекетімізді көтергендей, барлық қиыншылықтар мен мәселелерді шеше алады деп сенемін. Мен латын қарпіне көшіруді қолдаймын, себебі бұл заман талабы, еліміздің, жеріміздің дамуы. Ол біздің болашағымыз.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Көз— қорқақ, қол—батыр», - деп дана халқымыз айтқандай, екі қолды сыбанып нақты нық қадаммен алға басайық!
Баяндамамды латын қарпімен аяқтағым келеді: «Latyn qarpi jappaı qoldanys tіlіne aınalyp, shyn mánіndegі memlekettіk tіl mártebesіne kóterіlgende, bіz elіmіzdі QAZAQ MEMLEKETI dep ataıtyn bolamyz.»
Науырзым ауданы
Жамбыл орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі
Омаров Бағдат Амантайұлы