Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 17 минут бұрын)
Дубайдағы "Желек" қонақ үйі дрондар шабуылынан кейін өртенді

Бүгін Дубайдағы тағы бір танымал нысан – "Желек" (Burj Al Arab) қонақ үйі дрондардың шабуылынан кейін өртенді. Бұл туралы Иранның Tasnim ақпарат агенттігі видео жариялап, хабарлады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қонақ үйдің сыртқы қасбетінде өрт

Агенттіктің хабарлауынша, кеме пішініндегі қонақ үйдің төменгі алаңында дрон соққысынан кейін өрт басталған. Қала билігі дрон шабуылын растады.

Ресми мәлімет

Дубай үкіметінің Х (бұрынғы Twitter) парақшасындағы хабарламада: "Билік дрондардың бірінің ұсталғанын және оның сынықтары "Желек" қонақ үйінің сыртқы қасбетінде шағын өрт тудырғанын растайды. Азаматтық қорғаныс командалары дереу әрекет етіп, жағдайды бақылауға алды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ", - делінген.

Басқа нысандар да шабуылға ұшырады

Бұған дейін Дубай халықаралық әуежайы да дрон шабуылына ұшырап, төрт қызметкер жарақат алған болатын. Сондай-ақ, Palm Jumeirah-дағы бес жұлдызды "The Palm" қонақ үйіне де дрон шабуылы жасалғаны хабарланды. Дрондар Бурдж-Халифа маңында да айналған.

Жаңалықтар

Жарнама