Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 41 минут бұрын)
Мемлекет басшысы Қазақстанның жас спортшысының әлемдік аренадағы жеңісін құттықтады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында топ жарған Кристина Шумекованы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Кристина Шумекованың үш алтын медаль жеңіп алып, әлем чемпионы атануы – қазақстандық спорт үшін тарихи сәт екенін атап өтті. Президент жас спортшының бұл жетістігі оның ерекше талантының, тынымсыз еңбегінің, мықты тәртібінің және жеңіске деген талпынысының нәтижесі екенін баса айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Кристинаға спорттық жолында жарқын болашақ тіледі.

Бұған дейін қазақстандық конькиші Кристина Шумекова Германияның Инцелль қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында үшінші рет жүлдегерлер қатарынан көрінген болатын.

Жаңалықтар

Жарнама