Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Арық Бұға мен Құбылай

Шыңғыс хан империясының Ұлы ханы Мөңке өлгеннен кейін ел бірлігі бұзылады. Билік үшін күреске ханның інілері Құбылай мен Арық Бұға таласады. «Жасақ» заңына сәйкес, хан сайлау үшін барлық қолбасшылар мен ханзадалар атамекені — Моңғолия жерінде Құрылтайда бас қосуы тиіс еді. Бұл заңды Құбылай бұзады. Ол Қытайдағы жаңа моңғол қаласы Шандуде жақтастарын жинап, өзін «хан» деп жариялайды. Оған 1260 жылы өткен Қарақорымдағы құрылтайда моңғол ақсүйектері Ұлы хан сайлаған Төленің кіші ұлы Арық Бұға қарсы шығады. Империя екі жауласушы жаққа бөлінеді. Құбылайдың тәжірибелі жауынгерлері Арық Бұға әскерін тез арада талқандап, Қарақорымды басып алады. Бұдан кейін Құбылайға қарсы тұрар мықты ешкім шықпады. Империя біртұтас болудан қалды. Бұрынғы моңғол ұлыстары тәуелсіз мемлекеттерге айналды. Жошы, Шағатай, Үгедей ұрпақтары империяның батыс бөлігін өзара бөліп алды. Иран жерінде Хулагу мен оның ұрпақтары билік құрды. Құбылай кішірейген астанасын Қарақорымнан Ханбалыққа (Пекинге) ауыстырып, өз империясын қытайша Юань деп атады. Оның ұрпақтары Қытайда Мин династиясынан жеңіліп, қуылғанға дейін жүз жыл бойы билік етті.

Осылайша Ұлы империя ыдырады. Оның ұлан-ғайыр жерінде көптеген жаңа мемлекеттер құрылды.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама