Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 10 минут бұрын)
Трамп Иранға «бұрын-соңды болмаған күшпен» соққы жасайтынын ескертті

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға жауап қайтару әрекетінен бас тартуды ескертті. Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Иран бүгін өте күшті соққы жасайтынын мәлімдеді. Олар мұны істемегендері жөн, себебі егер олар соққы жасаса, біз оларға бұрын-соңды көрмеген күшпен соққы жасаймыз!» — деп жазды Трамп.

Бұған дейін Иран Ислам революциясы сарбаздары корпусы (КСИР) елдің жоғарғы көсемі Али Хаменеидің өлтірілуіне жауап ретінде «Иран қарулы күштері тарихындағы ең жойқын шабуыл операциясын» бастайтынын мәлімдеген болатын. Иран үкіметі 40 күндік жалпыұлттық аза тұту және 7 күндік жалпыұлттық демалыс жариялады.

Иран БАҚ-тарының хабарлауынша, Хаменеи қайтыс болғаннан кейін елдің басты алаңдарында мыңдаған адам жиналып, кек алуды талап етуде. Сондай-ақ, елде жаппай азалы шаралар өтіп, мешіттерде қасірет тулары ілінген.

Жаңалықтар

Жарнама