- 06 қаң. 2016 00:00
- 234
Қазақ ойлап тапқан «Төрткен» және «Төртқара» алгебрасын білесіз бе?
Ғылымы және ғалымы бар елдің – болашағы бар. Ендеше, біз Асқар Жұмаділдаевтай аты мұхит асып, шетелдің білікті ғалымдардың аузында жүрген математигіміз бар екеніне қуанып қана қоймай, мақтанышпен де айтуымыз керек сынды. Бала кезден-ақ зерек болған Асқар Жұмаділдаевтің үйі тек кітапқа ғана толы болып, оларды таң атқанша оқиды екен. 12 жасында Орынбек Жәутіковтың арнайы шақыртуымен Алматыдағы республикалық физика-математика мектеп-интернатына оқуға түскен болашақ академиктің ғылымға деген бетбұрысы сол кезден басталады. Ол алгебра саласында ғылыми жаңалық ашты. «Төрткен» және «Төртқара» деген қазақша атаумен алгебра ойлап тапты. Шешілмеген есепті шешті. Әр қадамы, әр сәті, әр секунды есептеулі ғалымның ашқан жаңалығы туралы не білеміз? Толығырақ төмендегі видеосюжеттен көре аласыздар.
Дереккөз: bmtv.kz