Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қазақ сөз өнерінің наркескені Шер-аға

Әрбір ел өзінің байлығымен ерекшеленіп мақтан тұтса, біз қазақ елі өзіміздің нар тұлғалы жазушы, ақын, суретші аталарымызды айтып ауыз толтырып мақтан тұта аламыз. Сондай атамыздың бірі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі,  кесек тұлғалы, қайсар мінезді  наркескені, шындықтың шырақшысы атанған, халқы Шер-аға деп сүйіспеншілікпен әспеттеген абыз Шерхан Мұртаза.

ШЕРХАН МҰРТАЗА 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ мекенінде туған.2018 жылы 9 қазан күні Алматы қаласында өмірден озған. ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері , Қазақстанның халық жазушысы Дулат руының Шымыр тармағынан. Шерхан атамыз 1955 жылы  Мәскеудегі М.В. Ломоносов атындағы мемлекеттіе университетін бітірген. Жастайынан оқуды ұнатқан атамыз әдебиетке,шығармашылыққа жақын болып өсті. Қазақ әдебиетінде, қазақ журналистикасында артынан қайталанбас мұра қалдырып, қазақ жастарының талайының бағын ашқан. Көзі тірісі кезінде «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің тілшісі, әдеби қызметкері болды. 1963-1970 жж. «Лениншіл жас» газетінің редакторы. Содан кейінгі уақытта «Жазушы» баспасының, «Жалын» альманахының, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы. 1989-1992 жж. «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1992-1994 жж. Қазақстан Республикасы мемлекеттік телерадио компаниясының төрағасы болып істеді. ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты болып көп еңбек төккен  атамыз 9 қазан күні дүниеден озып қазақ елінің қабырғасы қайыстырды.Осындай асыл қазынамыздан айырылып қалган біз қазақ елі болып отбасының қайғыларына ортақтасамыз.  Артынан бізге қалған мұралары, қазақ еліне жасаған жақсылықтары мәнгі ел есінде қалмақ. Оны асыл көзіміздей сақтап, келесі ұрпаққа қалдыру біздің ең басты міндетіміз болмақ. 

Абылай хан атындағы қазақ халыкаралық қатынастар және әлем тілдері университеті 

Журналистика мамандыгы 2 курс студенті Жанибекова Айнара Жантөреқызы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама