Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің мазмұндама жұмысын бағалауда критериалдық А Б В жүйені қолдану
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің мазмұндама жұмысын бағалауда критериалдық А Б В жүйені қолдану
Біріншіден, критериалды бағалау дегеніміз не?- деген сұраққа жауап берейік. Критериалды бағалау - бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу - танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын - ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі.
Критериалды бағалауды бағалаудың басты ерекшелігі:
• Алдын - ала ұсынылған бағалау шкаласы;
• Анық, айқындылығы;
• Бағаның әділдігі;
• Өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі

Ұстанымдар негіздері:
1. Бағамен оқушының жұмысы бағаланады.
2. Дескрипторлар оқушыға алдын - ала белгілі болуы шарт.
3. Оқушы өз білім деңгейін анықтай алуы қажет.
4. Нақты білімділік мақсатты бағалауы қажет.

Критериалдық бағалаудың принциптері: Нақтылық Әділдік Жүйелік
Критериалды бағалауда критерий бойынша оқушының оқу жетістіктері деңгейі беллгіленеді, нақты балдар немесе бағалар қойылады.
Критериалдық бағалау жүйесі арқылы:
• Оқушының тұлғалық бағытын белсенділікке бағыттау
• Тұлғаны нәтижеге жеткізу
• Өсу динамикасын кез - келген кезеңде анықтау
• Қалыптастырушылық және негізгі бағалау арқылы білімін анықтау.

Критериалдық бағалауда - күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды. Кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді. Бір тарауға байланысты қалыптастырған білім деңгейін анықтайды. Негізгі бағалаудағы оқушының алған бағасы тоқсандық баға болып табылады.

Оқушылардан алынатын жұмыстар.
Қазақ тілі мен әдебиеті

Тест жұмысы
Шығармашылық
Мәтінмен жұмыс
Диктант
Мәнерлеп оқу
Мазмұндама
Әдебиет сабағында алынатын жұмыстардың ішінде мазмұндама жұмысын жазудың критериалдық бағалауына тоқталайық.
Мазмұндама - оқушының тіл мен әдебиеттен алған білімдерін тексерудің негізгі нысандарының бірі. Мазмұндама арқылы баланың өз ойын жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық деңгейі айқын көрінеді. Мазмұндаманы бағалауды оқушы жұмысының мәтін мазмұны мен негізгі ойға сәйкестігі, тақырыптың толық ашылуы, баяндау жүйесі ескеріліп, сөздік қорының деңгейіне, сөйлем құрылысына, мәтіннің стильдік біртектілігіне, шеберлігіне назар аударылады.

Мазмұндама жазудың талаптары төмендегідей жағдайда болуы керек:
1. Сөздік қорының орынды пайдалануы;
2. Синоним, антоним, омоним, тұрақты сөз тіркестерін тәжірибе жүзінде қолдана білуі;
3. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс пайдалану;
4. Өз ойын грамматикалық тұрғыдан дұрыс, логикалық бірізділікпен жеткізе білуі;
5. Өздігінен қорытынды жасау.

Мазмұндама бағалауда қолданылатын Критерий
А критерийі – Жаңа ақпаратты түсіну және меңгеру
В критерийі - Жаңа ақпаратты талдау және мәтінмен жұмыс
С критерийі - Стиль және тілді қолдану

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы
Павлодар облысы білім беру басқармасының
«Жас дәурен» облыстық оқыту - сауықтыру орталығы»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мухамет Багыжан

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама