Озық ойлы оқушы
Сабақтың тақырыбы: Озық ойлы оқушы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларды белсенділікке, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, сандықша.
Сабақтың барысы
Психологиялық дайындық
Айналаға алақанмен,
Жылулықты шашайық.
Сәттілік тілеп, күлімсіреп,
Біз сабақты бастайық.
- Сонымен балалар бүгін міне сыныбымызда сайыс сабақ өткелі отыр. Сайысқа қатысушы 4 сынып оқушылары. Сіздерге сайыс барысында сәттілік тілеймін! Сайыскерлердің ұпайы дөңгелектер бойынша анықталады.
1 - кезең. Тездет, бірақ қателеспе! 4 пән бойынша сұрақтарға жауап беру.
1. Алтын іздеген адам кім? (Жазылбек Қуанышбаев)
2. 2 метрдің 4-тен бір бөлігі қанша сантиметрге тең? (50 см)
3. Үстеудің түрлерін ата.(Мезгіл, мекен, сын - қимыл)
4. Ауа құрамындағы газ.(Азот)
5. Әрі«екі», әрі «бес» қоюға лайық болған кімнің шығармасы еді? (Максим Зверевтің )
6. 168 сағат неше тәулікке тең? (7 тәулік )
7. Зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөз табы? (Есімдік )
8. Шахтадағы көмір өндірілетін орын.(Забой)
9.«Гәкку» әнін ширек ғасыр орындаған әнші?(К. Байсейітова)
10. Арақашықтықты қалай табамыз?(Жылдамдықты уақытқа көбейтеміз )
11. Ғарышқа үш рет ұшқан қазақ ғарышкері кім?( Т. Мұсабаев )
12. Етістіктің шақтарын ата.(Осы, өткен, келер )
13. Футбол ойнаған жазушы?( М. Әуезов )
14. Барлық жақтары шаршы болып келетін тіктөртбұрышты параллелепипед қалай аталады? (Текше )
15.«Сатушы» сөзін үш жақта жікте.(Сатушымын, сатушысың, сатушысыз, сатушы)
16. Жердің кішірейтіліп берілген дәл үлгісі.(Глобус)
2 - кезең. Қызықты математика. Математикалық тапсырмалар шешу
1. Бір меймандос адамның үйіне қонақтар келіпті. Оларға алдымен шай содан соң қазанға ет асылыпты. Үй иесі әйеліне келіп екеуара бір табақ тартсақ, бір табақ жетпей қалады. Үшеу ара бір табақ тартсақ, бір табақ артық қалады,- дейді. Сонда қонақтар саны қанша, табақ саны қанша?(12 адам, 5 табақ)
2. Біреу қасапханада жылқы соятынын көрші-қолаңына хабарлайды. Белгіленген күні ол жылқысын сояды. Әр жерден ет алушылар келеді. Сойылған малды төңіректеп тұрғандарды көзімен санап шығып, ол сәл ойланып қалады:«Бұлардың әрқайсысына жіліктеп берсем, үш жілік ет артылып қалады. Екі жіліктен сатсам, үш адамға ет жетпейді. Енді қандай амалын табайын?» Сонда ет алуға келгендер неше адам?(9 адам)
3. Менің қалтамда 28 теңге бар. Оң қалтамда екі теңгелік қанша болса, сол қалтамда 5 теңгелік сонша. Сонда әр қалтамда қанша ақша бар? (Оң қалтамда 8 теңге, сол қалтамда 20 теңге.)
4. Айжан мен Маржан Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан 2 жас кіші болса, бұл қыздарың әрқайсысының әкелерінің аты кім?(Айжан - Мұраттың қызы. Маржан - Асқардың қызы)
5. Әр бәліш теңдей екіге бөлінді, әр жартысы тағы да теңдей екіге бөлінді. Барлық бөлінген бәлішті 1 тілімнен салу үшін 12 тәрелке қажет болды. Бастапқыда неше бүтін бәліш болған.(3 бәліш)
6. Кірпілер алмаға таласып жатыр. Оларға көмектесуге тиін келді. Тиін әр кірпіге бір алмадан берсе, бір алма артылып қалады. Ал әр кірпіге екі алмадан берсе, екі алма жетпей қалады. Неше кірпі бар? Неше алма бар?
Жауабы: 3 кірпі бар. 4 алма бар.
7. Торда 12 құс отыр еді. Оның 11 інен басқасы ұшып кетті. Торда қанша құс қалды? 12 құс тордан құс ұша алмайды.
8. Барлық жылқының үштен бірі және екеуі бөлініп алынды. Бұдан соң қалған жылқының жартысы айдалып кетті. Сонда өрісте 9 жылқы қалды. Басында неше жылқы болды? 30
3 - кезең. Ол кім? Бұл не? Әдебиеттік оқу пәнінен сұрақтарға жауап беру
1. Үстінде қалың ақ жібек матадан тіккен костюмі, басында ақ шетен қалпағы бар орта бойлы, толық, ат жақтылау, дөңес қыр мұрынды кісі есік алдына, баспалдақ үстінде қолын көлегейлеп көше жаққа қарап тұр екен.
Сұрақ: Көше жаққа қарап тұрған кім?( М. Әуезов)
2. Ол арнаулы өнер мектебінен өткен жоқ, ол туасы әртіс еді. Оны өсірген – туған жердің топырағы. Естелік кім туралы айтылған?( Ш. Айманов)
3.«Тетелес» сөзі қандай мағына береді? (Жас мөлшері шамалас)
4.«Ылау» сөзі қандай мағына береді? (Атпен апарып салу)
5. Жауды жеңіп, қайтып келсе, үйде қарындасы жоқ. Есік алдынан қауырсыны қызыл күрең қанатын жайып, құйрығын тарағанда қара ала тарғылданып тұратын, басында «сәукелесі» бар бір құсты көрді.
Қай мәтіннен үзінді?( Атша көкек)
6. Аға адамдар алдында,
Жастар ойнап, күлмеген.
Үлкендердің үстіне
Баса - көктеп кірмеген
Қай өлеңнен үзінді? (Ата айтады)
4 - кезең. Кім зерек? Сәйкестендіру
Зат есім алтау, он, екінші
Сын есім кеше, ілгері, әрең
Сан есім аға, ала, бала, кітап
Етістік сен, ол, біз, бәрі
Үстеу әдемі, тентек, аласа
Есімдік айт, жүр, кет, бер
5 - кезең. Құпия сандық. Сандықшада жасырылған заты сипаты арқылы табу.
1. Табиғат байлығы, өзі қатты, түсі қара, жанғыштық қасиеті бар. Ол не?(Көмір)
2. Дәнді дақылдардың бірі, түсі қызыл, дайын болғанда түсі сары, тағам ретінде пайдаланамыз?(тары)
3. Бөлменің сәні, көмірқышқыл газын өзіне тартып, оттегін бөліп шығарады. Ол не?(бөлме өсімдігі)
4. Суармалы жерде өседі, өзі жұмсақ, түсі ақ,. Күнделікті тұрмыста пайдаланамыз. Ол не?(Мақта)
Қорытынды
Сайыс соңында ұпай саны бойынша жеңіске жеткен ойыншыны анықталады. Жеңіске жеткен ойыншы және белсене қатысқан оқушылар марапатталады.
Кері байланыс
- Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың?
- Қай тапсырма өте ұнады?
- Қай тапсырманы орындауда қиыншылыққа кездестің?