
- 20 там. 2025 22:23
- 21
Атырауда 23 жастағы фельдшерді атып кетті
Атырауда 23 жастағы фельдшердің өліміне әкелген қайғылы жағдай қоғамды дүр сілкіндірді. Оқиға 17 тамызға қараған түні қаладағы тойда басталған жанжалдың соңы қантөгіске ұласқан.
Куәгерлердің айтуынша, марқұм досының тойына қонақ болып барған. Арадағы сөзге келіспеушілік кейін топтық төбелеске ұласыпты. Достары жағдайды реттеу үшін дәрігерді көмекке шақырғанымен, оқыс сәтте қару қолданылып, фельдшерге оқ тиген. Жас маман оқиға орнында жан тәсілім етті.
Қайғыдан қан жұтқан отбасы мен әріптестері қара жамылып отыр. Ал облыстық полиция департаменті күдіктілердің ұсталғанын, қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.