Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
М. Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»
Міржақып Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»
8 сынып
Сабақтың мақсаты:
а) М. Дулатұлының өмір мен шығармашылығымен таныстыру, берілген өлеңнің мазмұнына үңіле отырып, тақырыбын ашу.
ә) Проблемалы сұрақтар арқылы ойлау жүйесін дамыту, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін, оқушылардың шығармашылық ізденістерін қалыптастыру.
б) Өмірдегі асыл жан - ананы құрметтеуге, сүюге, қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдіс - тәсілдері: проблемалы ситуация тудыру, сұрақ - жауап СТО әдістері, шығармашылық жұмыстар
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, психология, музыка
Сабақтың көрнекілігі: портрет, слайд, интербелсенді тақта.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару, топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығынан сұрақтар қойылады.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім тақтадағы ана туралы өлеңді оқиды.
Ана өмір қолдаушысы әлемнің,
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы.
Сейілмесін жанарынан ананың,
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы.
Аялайық аналарды әрдайым,
Қуанышқа бөлейікші өздерін.
Әжелердің, аналардың, қыздардың,
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.

Осыдан кейін проблемалы сұрақтар қойылады. Балалар, қалай ойлайсыңдар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? Ана деген ұғымды қалай түсінесіңдер? Анасыз әлемді елестету мүмкін бе! Ана сендер үшін кім! Неліктен ана әлемді тербетеді?
Мұғалім: Қазақ әдебиетінде ең ұлы, ең асыл есім - Ана тақырыбында қалам тартпаған жазушы кемде - кем. Ана - бізге жарық өмір сыйлаушы адам.
Ендеше, біздің бүгінгі тақырыбымыз М. Дулатұлының «шешенің балаларын сүюі» тақырыбы.
Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша дайындалған материалды топтарға таратып береді. Оқушылар оқып болған соң сұрақтар дайындап, бір – біріне сұрақтарын қояды. Сөйтіп өмірі мен шығармашылығынан – өздері мәлімет алады.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу талдау. Сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру.
1. Ақын өлеңіндегі басты кейіпкер кім?
2. Ана баласы үшін не істей алады?
3. Ананың балаға деген махаббатын қалай жеткізген?
4. Қазіргі қоғамда анаға деген құрмет қандай?
Сұрақтар қою арқылы шағын пікір - талас өткізіледі.
1. Өлең құрылысына талдау.
Өлең төрт шумақтан, әр шумақ төрт тармақтан, 3 бунақтан, 11 буыннан тұрады. Қара өлең ұйқасына құралған.
Идеясы - ананың баласына деген ыстық махаббаты, оның амандығын тілеуі.

2. Интербелсенді тақта арқылы «Ана туралы хадистерде»
• Жәннат аналардың аяғының астында
• Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызын өтей алмассың!
• Жұмақ ананың аяғының астында.
Ей, перзентім! Ойыңа тоқып ал, ата - анаға құрмет, ізет қылуды мойынға алу ләзім. Себебі баланың түп негізі ата - ана болып табылады. Ата - анамды не үшін құрметтеймін дегенді ойыңа алушы болма. Олар сен үшін өлуге де дайын тұрады. Сен соны білуің керек. Сен ата - ананың еңбегін дін жағынан да өтей алмасаң да ақыл санаңмен, адамгершілікпен өте. Кімде - кім ата - анасын разы еткен болса, ол жақсы. Алла тағала оның өмірін ұзартады.
Борыш - ата - анаға ұстаздар мектебіне қызмет жасап, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу.

3. Шығармашылыққа баулу. «Ана сүтін ақтау - парыз» атты шағын ессе жазу

4. Семантикалық кесте толтыру «Анама жыр арнаймын»

5. «Мақал сөздің мәйегі» Ана туралы мақал - мәтелдер жарысы.

Ақ жаулығы анаңның - ақ көрпесі балаңның.

Ақшашты ана: «жастығым - балам»- дейді,
Ақылды бала: «Ай - күнім - анам»дейді.

Анаға баланың алалығы жоқ.

Ү. Сабақты бекіту
Сұрақтар қойылу арқылы сабақты бекіту

ҮІ. Сабақты қорытындылау. Балаларды бағалау

Ана туралы бейнебаян көрсетіледі.
Мұғалім: Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан - ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде ше жоқ. Өз баласын бағып - қағуда ана өзін - өзі ұмытып, барлық күш - жігерін перзентіне арнайды. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан, балалар, аналарыңды әрдайым құрметтеңдер, аялаңдар!

ҮІ. Үй тапсырмасын беру.
«Ана» тақырыбында қаламгерлердің шығармаларын оқып келу
ҮІІ. Бағалау

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы
Павлодар облысы білім беру басқармасының
«Жас дәурен» облыстық оқыту - сауықтыру орталығы»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мухамет Багыжан

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама