
- 18 там. 2025 10:01
- 21
Тоқаев: «Мемлекеттік қызметте енді тек кәсіби білік шешеді»
Астанада өткен Тамыз кеңесінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев кадр саясатына қатысты мәлімдеме жасады. Ол мемлекеттік басқаруда бұрынғыдай туыстық не топтық ықпалға жол берілмейтінін атап өтті.
— «Қызметке қабылдауда басты өлшем – азаматтың білімі мен кәсіби дайындығы. Мемлекеттік аппаратта меритократия қағидаты орнықты. Қоғамда жиі айтылатын «отбасылық-кландық жүйеге» мұнда орын жоқ», — деді президент.
Тоқаевтың сөзі сарапшылардың пікірінше, Назарбаев дәуіріндегі кадр саясатына жанама сын ретінде бағалануы мүмкін. Ол кезеңде билік тармақтарында туыстық байланыс пен ықпалды топтардың үстемдігі жиі сынға алынған еді.
Президент қазіргі мақсат – кәсіби әрі мемлекетке адал жаңа буынды қалыптастыру екенін алға тартты.