
- 20 там. 2025 18:21
- 9
Абай облысында жарақат алған балалар Астанаға жеткізілуде
Абай облысында көлік қағып кеткен балалардың жағдайына байланысты оларды елордадағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына көшіру туралы шешім қабылданды.
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы санитариялық авиация бортын Астанаға бағыттады. Ұшақта реаниматолог, травматолог және нейрохирург дәрігерлер бірге жүр.
Балалардың бірі – 9 жастағы қыздың жағдайы тым ауыр болғандықтан, әзірге Абай облыстық стационарында білікті мамандардың бақылауында қалды.