Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қазақ тілі – ұлттық мәдени, рухани асыл мұра
Қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар, 8 сынып
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 8 сынып.
Тақырыптар:
56. Диктант
57. Қазақ тілі - ұлттық мәдени, рухани асыл мұра
58. Қазақтың әдеби тілі.
59. Әдеби тілдің грамматикалық нормалары
60. Тест тапсырмалары

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі – ұлттық мәдени, рухани асыл мұра
Сабақтың мақсаты: білімділік – қазақ тілі туралы түсінік беру;
тәрбиелік – тілді құрметтеуге, сүюге, белсенділік пен қызығушылыққа тәрбиелеу;
дамытушылық – оқушыларға қазақ тілін оқыту арқылы ой - өрісін, таным, қабілетін, төл сөз туралы түсініктерін дамыту.

Сабақтың түрі: лекция сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Өткен сабақтар бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Тілді жасаушы – халықтың өзі. Сондықтан тіл халыққа қызмет етеді. Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ, себебі ана тілінсіз ұлт мәдениеті, ұлт әдебиеті жоқ. Ал әдебиетті мәдениет қаймағы деп қана қою жеткіліксіз. Ол халықтың, ұлттың кескін - келбеті деуге болады. Өйткені шынайы көркем шығарма халықтың тұтас тарихын, өткен - кеткен не қилы тағдырын суреттеп береді.
Қазақ тілі – дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі. Бұл пікіріміздің растығын кезінде кемеңгер Абай дәлелдеген болатын. Ол Пушкин, Лермонтов, Крыловтардың шығармаларын аударып бір дәлелдесе, солардай етіп, сөздің майын тамыза жазу арқылы екінші рет дәлелдеді.
Қазір қазақ тілі мейлінше дамып, байып, жетілді. Нақты әдеби тіл жасалды. Орта мектептер үшін барлық пән қазақ тілінде жазылып жүр.
Демек, саяси экономия сияқты өте қиын ғылымдардың өздері де қазақ тілінде зерттеледі, жазылады. Міне, мұның бәрі қазақ тілінің бай тіл екенін, ол тілде не алуан ғылымға байланысты жаңа сөздер, терминдер, фразалар пайда болғанын білдіреді.
Қазақ тілінің байлығы – қазақ халқының, қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білуіміз керек. Сонда ғана біздің Қазақстан кез келген жұртпен иық теңестіре алатын іргелі ел бола алады.

Жаттығумен жұмыс: 2 - жаттығу.
Білімді бекіту: Өткен тапсырма бойынша Тілдің қазіргі кезде шешілмей жүрген проблемалары жөнінде ойтолғау айтады.
Бағалау: Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Тілім, тірегім, соғып тұрған жүрегім!» тақырыбына шығарма жазып келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама