- 04 жел. 2016 00:00
- 255
Қазақ тілін жақсы көремін
Жамбыл облысы, Меркі ауданы
№17 И.И. Трубицын атындағы орта мектеп-гимназиясының
4 "д" сынып оқушысы: Кармаев Илья
Жетекшісі: Айдарбекова Индира Пернебекқызы
Мен 4 сынып оқушысымын. Бастауыш буынның ең соңғы сыныбында оқып жүрмін. Осы бірнеше жыл ішінде бізге әртүрлі мұғалімдер сабақ беріп, бірнеше пәндерді оқыдық. Пәндер әртүрлі және қызықты. Әр пәннің өзіндік ерекшеліктері бар. Сабақ беретін мұғалімдер де, әр жыл сайын өтетін қызықты жаңа пәндер де менің қызығушылығымды оятып, білімімді толықтырады.
Осы уақыт аралығында мен үшін ерекше сүйікті пән болғаны - қазақ тілі пәні. Мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілін оқу мен үшін өте қызықты. Қазақ тілі өте әдемі, шұрайлы әрі бай тіл. Қазақ тілінде айтылатын сөздер құлаққа жұмсақ, жағымды естіледі. Қазақ тілі пәнінде біз осы қазақ тілін меңгеріп, қазақ тілінің бірнеше ережелерімен де таныстық. Қазақ тілі пәнінде орындалатын жаттығу жұмыстары, ойындар мен тапсырмалар сондай қызықты. Маған қазақ тілі тіл ретінде қызықты болғандықтан да болар, қазақ тілі пәнін ерекше қызыға оқимын. Қазақша өлең жолдарын жаттап, мәнерлеп оқу, оның мағынасын түсіндіру де маған ұнайды. Мен болашақта қазақ тілінде сауатты сөйлейтін Қазақстан Республикасының білімді азаматы болғым келеді. Осы арманымның орындалуы үшін қазақ тілі пәнін өте жақсы меңгеру маңызды деп санаймын.