- 25 сәу. 2016 00:00
- 249
Қазақ тіліне үйрететін бірде-бір дұрыс әдістеме жоқ - БҒМ
Елімізде қазақ тіліне үйрететін бірде-бір дұрыс әдістеме жоқ. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев осылай мәлім етті.
«Тілді үйрететін әдістемелер басқа елдерде баршылық. Бірақ бізде жоқ. Қазақтың балалары шет елдерге барып, олардың тілін бес-алты айдың айналасында үйреніп шығады. Оқып, түсініп, жаза алады. Дәл осындай қазақ тілін үйрететін әдістеме бізде жоқ. Сондықтан да, осы олқылықты толтыру үшін екі бағытта жұмыс істеп жатырмыз», -деді Е. Сағадиев.
Оның айтуынша, қазақ тілін үйрететін жаңа технологиялар әзірленіп жатыр. Екіншіден, әдістеме енгізу мамандарынан жастарды шет елдердегі халықаралық институттарға жіберу көзделеді. «Израильмен, Германиямен келісіп жатырмыз. «Әдістемелер дайындайтын Мекке» саналып келген Гарвард университетінде де оқытып, әдіскерлер арқылы қазақ тілін дамытудың жаңа тәсілдерін меңгеретін боламыз», - деді министр.