Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
Қазақстан Республикасындағы экстремизм мен терроризмнің қауіп қатері
Қазақстан Республикасындағы экстремизм мен терроризмнің қауіп қатері (презентациясымен)

Дөңгелек үстелдің мақсаты
1. Қазіргі әлемдегі діни экстремизм мен терроризм, оны болдырмаудың қажеттілігі, діни төзімділік пен ұлтаралық келісімді сақтау мәселелері, қазіргі таңдағы ислам дініне жат ағымдар, олардың қазақ халқының діни танымын әсері жөнінде мағлұмат беру.

2. Оқушылардың өз ойларын еркін айтуға, өз көзқарасын нақты аргументтер арқылы
дәлелдеуге дағдыландыру.

3. Оқушыларды әділдікке, адамгершілікке, Қазақстан Республикасын құрметтеуге, адал болуға тәрбиелеу.

Тарихшы
Әлемдік даму үшін ХХІ ғ. басында өте зор қауіп тудырып отырған терроризм проблемасы. Қазіргі замандағы озық технологиялар терроризмге бұрын - соңды болмаған алпауыт қуат беруі, адамзат үшін ең үлкен қауіпке айналуда. Соңғы кездері ірі террорлық актілерді жүзеге асырушылар мұсылман дінін ұстанған елдер өкілдері болуына байланысты – оларды ислам террористтері деп айыптау орын алуда. Осы зұлымдықтың түбірі мен себебін түсіндіруде оны географиялық және діни факторлармен байланысты деп отырғаны белгілі. Осы орайға сіздің ойыңыз.....

Саясаттанушы
Сонда терроризмнің себебі неде – деген мәселеге қайта оралсақ оның жауабы бүгінгі өркениетті деп аталатын бай елдердің озбырлығында деп айтуға болады. Қазіргі заманда ‹‹ алтын миллиард›› ауқатты елдер тобы мен ‹‹одан қалғанды қанағат тұтушы› болып екіге бөлінуі, Батыс елдеріндегі адамгершілік мұраттарын аяққа таптайтын зорлық - зомбылық, маскүнемдік, отбасылық қарым - қатынастың бұзылу терроризмнің тамыры дінде емес, саясатта екенінің көрінісі. Сіздің пікіріңіз -......

Әлеуметтанушы
Бүгінгі таңда дінді, жат тәрбиені уағыздап жүргендер көбейіп барады. Бұл, түптеп келгенде, келешектің тамырына балта шабу деген сөз. Мәселен 1, 5 млрд. халқы бар Қытайда 4 қана діни конфессия болса, айналдырған 16млн. халқы бар Қазақстанда
4000 - дай діни бірлестіктердің тіркелуін қалай түсінеміз. Дін - ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің. Мұны Елбасы да өзінің ‹‹Сындарлы он жыл›› кітабында:‹‹Екі нәрседен – діни дүмшелік пен фанатизмнен сақтану керек›› деген. Дәстүрлі дін және адасқан ағымдар туралы ойыңыз......

Географ
Өзінің жағрафиялық орналасуына қарай Қазақстан басты өркениеттер мен діндердің тоғысқан жерінде тұр. Батысы мен Солтүстігінде Ресей мемлекетімен, яғни ‹‹православ иелігі өрке - ниетімен››, Оңтүстігінде, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, яғни ‹‹ислам өркениетімен››, Шығысында Қытай елімен, яғни ‹‹будда - конфуция әлеміне›› қатысты қытайлық өркениетпен шектесіп жатыр. Діни экстремизмнің алдын - алу шаралары туралы айтсаңыз.....

Зерттеуші
Бүгінгі миссионерлер кімдер. Олар арнайы дайындықтан өткен шет елдерде арнайы дайындалған мамандар. Арбау, азғыру әдістерін терең игерген, адамды еліктіргіш қабілеттері мол адамдар. Әлемде олар өз жұмыстарын ірі халықаралық сауда орталықтарында, табиғи байлығы мол жерлерге орналастырады Қазақстан олар үшін дін жағынан игеретін ‹‹тың›› территория. Дінтанушы ретінде осы мәселеге көзқарасыңыз.......

Мәдениеттанушы
Терроризмді болдырмау үшін зайырлы білім мен діннің негіздерін, оның әдептілік қағидалары мен көркем мінез құлыққа бастайтынын үйретуге тиіспіз. Сондықтан ғасырлар бойы ата - бабамыздың қабылдап, салт - дәстүрімізге сіңіп кеткен Ислам дінінің негіздері мектептен бастап жоғарғы оқу орындарында оқытылуы қажет. Өзінің дінін жетік білетін адам ешқашан бұлыңғыр ағымдағы көзқарастарға еріп кетпейді.‹‹Дінтану негіздері››атты арнаулы курстың енгізілуі де тегін емес деп ойлаймын. Осы аталмыш мәселені толықтырсаңыз......

Қорытынды.
Аға ұрпақтың, зиялы қауымның, ұстаздардың басты міндеті - жас сананы экстремизм мен терроризмнің зиянды ықпалдарынан арашалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама