Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 13 сағат бұрын)
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

16 желтоқсан – тарихы тереңде жатқан еліміздің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Бұл күн еліміздегі тойланатын ең басты мемлекеттік мереке. Бұл күндері республика қызметкерлері үшін демалыс. 

1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қазақстанның тәуелсіздігі және мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдады. Сондай-ақ бұл күн еске алу күні. Халық Алматының Республика алаңына 1986 жылғы желтоқсан құрбандарын еске алып құрметтеу үшін шығады.

Қазақстанның тәуелсіздік күні республиканың ең жоғарғы мемлекеттік мерекесі болып табылады. Бүкіл ел мерекелейді, сол оқиғалардың куәгерлерімен кездесу ұйымдастырылады. Сондай-ақ бұл күннің құрметіне мәдениет, спорт, саясат, өнер және өмірдің басқа да салаларындағы әртүрлі қызметкерлер марапатталады. Абақтыдағыларға рақымшылық жасалады. Барлық қалаларда, ауылдарда мерекелік іс-шаралар өтеді, кешкісін аспанға салют атылады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама