- 19 қаз. 2023 00:00
- 291
Қазақстан Республикасының терроризммен экстремизмге қарсы күресі
Адам баласы дүниеге келгеннен соң, белгілі бір мақсаттар мен армандар жолында әрекет жасап, өмір сүреді. Бәрінің арман мақсаттары әр түрлі болғанымен, қоршаған ортасы бір, ол жасыл-желекті табиғат ана. Ең алғашқы болып та, құдіретті қоршаған ортамен танысады. Әлемнің ең құнды, орны толмас, сарқылмас қазынасы ол-жер анасы, жасыл алқапты кең даласы мен ну орманы...
Экстремизм мен терроризм бүгінгі таңда ең өзекті мәселе болып отыр. Саясатта белгілі бір бағыт ретінде экстремизм радикалды көзқарастарды жүзеге асырудың түрлі әдістерін ұстанады. Ол мемлекеттің тұтастығына, қоғамның бірлігіне қатер төндіріп, зорлық-зомбылықпен, фанатизммен, өздерінің принциптерін қорғай алмайтынымен, ымыраға келмеуімен сипатталады. Өзінің қауіпті тәжірибесінде экстремизм терроризммен тығыз байланыста. Терроризмге және экстремизмге қарсы тұру -бұл әлемде құқық пен тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды бағыты. Тіркелген қылмыстардың жалпы санының террористік және экстремистік сипаттағы қылмыстардың шамалы бөлігі болып табылатындығына қарамастан, олар қоғамның, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының теріс реакциясын тудырады.
Бүгінгі таңда мемлекет экстремистік және террористік көріністердің алдын алу, ескерту, анықтау және жолын кесу бойынша бірқатар шаралар жүргізіп жатыр. «Мәселен, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл аясында «Қазақстан Республикасында 2013-2017 және 2018-2022 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Осы бағдарламаларды жүзеге асыру аясында мемлекеттік органдар адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігіне, діни экстремизмнің зорлық-зомбылықты көріністерінен және терроризм қаупінен қорғауға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асыруда», – деді Алматы қалалық Қоғамдық даму дирекциясы.
Жоғарыда атап өткен ескі және жаңа мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу кезінде, негізінен, діни экстремизм мен терроризмнің таралуының алдын алу және оған қарсы тұруда Еуропа мен Таяу Шығыстағы бірқатар елдердің озық тәжірибелері ескерілді. Оны зерделеу үшін мемлекеттік органдардың мамандарының әртүрлі елдерге аттануы ұйымдастырылды және осы сапарлардың нәтижесінде құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қойылды.
Сондай-ақ, біздің мамандарымызды Біріккен Араб Әмірліктері мен Сауд Арабиясының сотталғандарды радикализациялау мәселесіндегі сәтті тәжірибесі қызықтырды. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі тіпті «Хедая» халықаралық орталығының басшылығымен қатыгез экстремизмге қарсы тұру мақсатында бірқатар кездесулер ұйымдастырды.
Жетекші: Рушанова Н.Б