Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 сағат бұрын)
Қазақстан тәуелсіздігіне 31 жыл!

31 жыл бұрын, 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде өз тәуезсіздігін жариялады. Дәл осы күні «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң күшіне енді. Заң Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 25 қазанында қабылдаған Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қағидалары негізінде әзірленді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді.

Биыл, яғни 2022 жылдың 16-шы желтоқсанында Қазақстанның Тәуелсіздігіне — 31 жыл толып отыр. Отыз бір жыл қарап отырсақ аз уақыт та емес, жалпы алып қарасақ көп уақытқа да жатпайды. Жаңадан туылған ұл баланы 1991 ші жылы туылған деп қарасақ биыл ол сәбидің өзі 31 жасқа толып отыр екен.

Сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің 31 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!

Сатыбалдиев Нариман 1 курс стомотология ҚазҰУ
Аға оқытушы Қайрақбаева Г.С жетекшілігімен.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама