Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Қазақстан тарихы 9 - сынып
Тақырыбы: Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Сабақтың мақсаты: 1. Соғыстың себеп - салдарын, барысын, кеңістігін, уақытын, нәтижесін анықтау, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның тылдағы бөлімдерді даярлау, экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құруда, ғылымда, майданда, ірі шайқастарда Қазақстандықтардың жасаған ерен, ерлік еңбектері жайында баяндау.
2. Белсенділігін арттырып, тарихқа қызықтыру білімдерін жетілдіру.
3. Тарихи санасы қалыптасқан, соғыс атаулыға жаны қас, ержүрек, Отанын шексіз сүйетін, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері:
1. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың жауынгерлік ерлік дәстүрлері мен тарихи тағылымымен танысу, тарихи мәнін ашып көрсету.
2. Жастардың Ұлы Отан соғысы жайлы білгендерін пайдалана отырып, әуелі ойлау, елестету, одан кейін дәлелді оқиғаларды өз ойларымен қорыту, баға беру арқылы түсініктерін қалыптастыру; тарихи жағдайларды, батырлар есімін, ерлігін білуге құмарту сияқты терең түсініктеріне жағдай; өз беттерінше ізденулеріне, жан - жақты дамуына бағыт беру.
3. Халық тәрбиесіндегі «Анаң болса да оның жаман қылықтарына еліктеме, жауың болса да оның жақсы қылықтарына елікте!» деген қағиданы жастардың санасына сіңіре отырып адамгершілікке, өз ұлтының тарихын тереңірек білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас
Әдісі: баяндау, топтық жұмыс, сұрақ - жауап, Модульдік оқыту технологиясының «Бас қатырғылар базары» тәсілі;
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, тірек - сызбалар;

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі;
ІІ Үй тапсырмасын «Бас қатырғылар базары» тәсілі арқылы сұрау;
ІІІ. Мақсаты:. Жастардың Ұлы Отан соғысы жайлы білгендерін пайдалана отырып, әуелі ойлау, елестету, одан кейін дәлелді оқиғаларды өз ойларымен қорыту, баға беру арқылы түсініктерін қалыптастыру; тарихи жағдайларды, батырлар есімін, ерлігін білуге құмарту сияқты терең түсініктеріне жағдай; өз беттерінше ізденулеріне, жан - жақты дамуына бағыт беру.
IV. Қорытындылау;
1) Сыныпты 3 топқа бөліп шеңбер бойынша орналастырылады. Үй тапсырмасын «Бас қатырғылар базары» ойыны арқылы сұралады. (Бұл ойынның мақсаты: білімдік, іскерлік дағдыларын бекіту; ең белсенді де тапқыр ойыншыны және топты анықтау;)
2) 1 - топқа кроссворд;
2 - топқа «хронологиялық лото»;
3 - топқа «құпия сөздер»; (Әр топқа таратылып беріледі)

1 - топ тапсырмасы.
1. Орталық Қазақстанда пайда болған ерекше режимді еңбекпен түзету лагері.
2. Ауқатты шаруалар.
3. Өлкелік партия ұйымын басқарып отырған Ф. Голощекин қандай (ауылды кеңестендіру) ұранымен Қазақстанда «жаңа революция» жүргізудің идеялық - саяси негізін жасады.
4. Отанына опасыздық жасағандар әйелдеріне арналған лагерь.
5. 101 мың қазақстандықтар бұл лагерьдің азабынан өтті, 27 мыңнан астамы атылды.
6. 1930 - 1932 ж. ж. «Ұлы жұт» деген атпен қалған қазақ үшін қандай зор қасірет болды.
7. 1937 ж. наурызда Қазақстан Кеңестерінің Төтенше X сьезді одақтас мемлекет Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы қандай құжат қабылдады?

2 - топ тапсырмасы:
(жылдары жазылмайды, оқиға қай жылы болғанын табу, яғни даталармен жұмыс)

3 - топ тапсырмасы:
«Құпия сөздер» (анықтамасына қарай термин сөзді табу)
1)_______________- жоғарғы өкімет органдарына, жазбаша жіберілетін ұжымдық өтініш;
2)______________- көшпелі қазақтар;
3)______________- бұрыннан тұратын жергілікті халық;
4)______________- адамды кемсіту, оның құқығын шектеу, әлеуметтік қорлау:
5)______________- бір халықтың екінші бір халықпен араласып, ұлт ретінде жойылып кетуі;
6)______________- кенеттен болған астан - кестен өзгеріс, апатты жағдай, қуғын - сүргін;
7)______________- қоғам өміріндегі түбірлі өзгеріс, төңкеріс;
(Жауаптары: 1. Петиция; 2. Номадтар; 3. Автохтонды;
4. Дискриминация; 5. Ассимиляция; 6. Катаклизм; 7. Ревалюция;)

V. Жаңа сабақ: (1945 - 2015жж) Жеңіске - 70жыл
1939 жылы 1 - қыркүйекте неміс фашист әскерлері Польшаға баса - көктеп кірді. 1941 жылы 22 - маусымда гитлерлік Германия шабуыл жасаспау туралы шартты опасыздықпен бұзып, соғыс жарияламастан Кеңес Одағына басып кірді. Осылайша Ұлы Отан соғысы басталды.

Фашистер басып алынған Кеңес аумағына Остланд (Белоруссия мен Балтық жағалауы), Украйна, Мәскеу (Ресей) және Кавказ, елдің шығыс шет аймақтарында Түркістан мен Еділ – Орал рейх - комиссариаттарын құруды жоспарлады. «Ғылыми - зерттеу институты» деген бет пердені жамылған «Арбайтегемайншафт Түркістан» атты неміс жоғары барлау мектебі болашақтағы «Үлкен Түркістан» отары картасының жобасын әзірлейді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама