Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қазақстанда ақылы оқуға түскісі келгендер ҰБТ-дан босатылуы мүмкін

Қазақстанда ақылы оқуға түскісі келген талапкерлерді ұлттық бірыңғай тестілеуден босату мәселесі талқылануда. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өтіп жатқан «Орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары және заңнамалық  реттеу перспективалар» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау барысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев  айтты.

«Өздеріңізде білетіндей, «Ақ жол» партиясы еліміздің жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне түсетіндер үшін ұлттық бірыңғай тестілеуді алып тастау туралы бастама көтерген болатын. Қазіргі таңда біз мәселені егжей-тегжейлі талқылап жатырмыз. Ұлттық бірыңғай тестіні мемлекеттік білім гранттарын бөлу құралы ретінде қалдыру ұсынылған болатын», - деді Ерлан Сағадиев.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама