Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Қазақстанда балабақшалар қандай тәртіппен жұмыс істейді

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов карантин режиміндегі балабақшалардың жұмыс тәртібін түсіндірді.

«Балабақшаларға тыйым болғанымен, бүгін біраз азаматтарға жұмыс істеуге мүмкіндік бердік. Бүгін қаншама өндіріс орындарында, қызмет көрсету саласында жұмысқа шығуға рұқсат берілді. Бірақ, жұмыс істеуге мүмкіндік берілгенімен, көптеген азаматтардың сәбиі бар. Онда да қарастырып отырмыз», — деді Е. Тоғжанов Үкіметте өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, жұмысқа шығатын ата-аналар баласын балалабақшаға апара алады. Бірақ, бала санына арнайы шектеулер қойылады.

«Орта есеппен бір топта 25-30 бала болса, қазіргі шектеулерді ескере отырып, әр топта 15 баладан аспайтындай деңгейге жеткізуіміз керек. Сондықтан, әрбір жұмыс істейтін ата-ана балаларын балабақшаға бере алады. Әрі қарай да бұл бағытта жағдай жасауға тырысамыз», — деді Ералы Тоғжанов.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама