Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 46 минут бұрын)
Қазақстанда жылжымайтын мүлікке құжат алу тәртібі өзгереді

1 маусымнан бастап Қазақстанда жылжымайтын мүлікке, атап айтқанда, техникалық және кадастрлық паспорттарды алу тәртібі өзгереді. Бұдан былай бұл құжаттарды тек онлайн форматта, eGov.kz порталы немесе eGov mobile қосымшасы арқылы ғана рәсімдеуге мүмкіндік болады. Бұған дейін азаматтар аталған құжаттарды алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚО) баруға міндетті еді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Не үшін бұл құжаттар қажет?

Техникалық паспорт – жылжымайтын мүлік нысанының негізгі деректерін қамтиды. Онда нысанның орналасқан жері, ауданы, жоспары, тіпті ғимараттың салынған жылы да көрсетіледі. Ал кадастрлық паспорт – жылжымайтын мүліктің сипаттамалары мен жер учаскесі туралы мәліметтерді қамтитын идентификациялық құжат болып табылады. Кадастрлық паспорт келесі жағдайларда ресімделеді:

Неліктен рәсімдеу онлайн форматқа көшірілді?

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (ҰАТ) мұны цифрлық қызметтерді кеңінен пайдаланумен байланыстырады. 2021 жылы eGov.kz порталы арқылы қазақстандықтар техникалық паспорт пен кадастрлық паспорттың дубликатын алуға 100 мыңға жуық өтініш берген. Бұл барлық сұраныстың 22 пайызын құрады. Ал 2025 жылы бұл көрсеткіш екі есеге жуық – 41 пайызға дейін өскен. Бұған дейін төлем жасау және дайын құжатты алу үшін азаматтар ХҚО-ға баруға мәжбүр болатын.

«Мемлекеттік қызметтерді одан әрі цифрландыру аясында 2026 жылғы 1 маусымнан бастап жылжымайтын мүлік нысандарының техникалық паспортын және кадастрлық паспорттың дубликатын беруге өтініштерді ХҚО операторлары арқылы қабылдау тоқтатылады. Қызметтер тек онлайн форматта eGov.kz порталы және eGov mobile қосымшасы арқылы көрсетілетін болады. Енді пайдаланушыларға техникалық паспортты алу үшін жеке төлем жасап, ХҚО-ға барудың қажеті жоқ – барлық процесс электронды түрде қолжетімді, ал дайын анықтама eGov.kz Жеке кабинетінде болады», — деп нақтылады ҚР Сыртқы істер және сандық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин.

Қызметті онлайн қалай пайдалануға болады?

Ол үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

Жаңалықтар

Жарнама