
- 12 нау. 2020 00:00
- 245
Қазақстанда мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап демалысқа шығады
Қазақстанда мектеп оқушылары уақытынан бұрын демалысқа шығады.
«2020 жылдың 16 наурызынан 5 сәуіріне дейін орта білім беру мекемелері уақытынан бұрын демалысқа шығады. 16-сынан бастап техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері мен ЖОО-лар қашықтан оқыту түріне көшеді», - деді вице-премьер Ералы Тоғжанов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.