tengrinews.kz
- 01 сәу. 2026 18:31
- 24
Қазақстанда салық жүйесін өзгерту ұсынылды: жалақыдан алынатын төлемдерді біріктіріп, мөлшерін 20-25 пайызға дейін төмендету көзделуде
Қазақстанда жұмыс берушілерге түсетін салық жүктемесін азайту мақсатында жалақы қорынан алынатын барлық салық пен төлемді біріктіріп, бірыңғай төлем енгізу ұсынылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов мәлімдеді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутаттың айтуынша, қазіргі жүйеде жұмыс істеп тұрған қызметкерлерді ресми түрде тіркеу экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып отыр. Себебі, жұмыс беруші жалақыдан жеті түрлі салық пен төлемді есептеп, аударуға міндетті. Ол орташа айлық жалақының 430 мың теңгесінен 146 мың теңгесі осы төлемдерге кететінін, яғни «қолға» берілетін жалақыға шаққандағы салық жүктемесі 41 пайыздан асатынын атап өтті.
Салық жүктемесіндегі теңсіздік
Айтуар Қошмамбетов әртүрлі жұмыспен қамту формалары арасындағы елеулі теңгерімсіздікке де назар аударды. Оның сөзінше, бірдей табыс тапқанымен, жалдамалы қызметкерге түсетін салық жүктемесі жеке кәсіпкерге қарағанда 2,5 есе, ал өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға қарағанда 9 есе жоғары.
Мұндай жағдай жұмыстың ресми емес секторының өсуіне ықпал ететінін айтты. Бұл мемлекеттің салықтан түсетін табысының азаюына және азаматтардың әлеуметтік қорғау мен зейнетақысыз қалуына әкеп соғады.
Ұсынылған шешім
Депутат жалақы қорынан алынатын барлық салық пен төлемді бірыңғай төлемге біріктіруді ұсынды. Оның айтуынша, шағын бизнес субъектілері үшін салық режиміне қарамастан, 20-25 пайыз мөлшерінде бірыңғай мөлшерлеме белгілеу қажет.
«Бұл жұмыс беруші үшін әкімшілікті айтарлықтай жеңілдетуге, еңбек ресурстарының елеулі бөлігін ресми секторға тартуға және зейнетақы, әлеуметтік және медициналық төлемдер базасын кеңейтуге мүмкіндік береді», - деді Қошмамбетов.
Ол сондай-ақ, тіпті жұмыспен қамтуды ішінара ресмилендіру мен мөлшерлемені азайтудың өзі қосымша миллиардтаған теңге түсімі түрінде айтарлықтай фискалдық әсер беретінін атап өтті.
Депутат үкіметке бұл ұсынысты қарастыруды, сондай-ақ енгізілетін өзгерістердің фискалдық, әлеуметтік және зейнетақы әсерлерін есептеуді тапсырды.