Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 23 минут бұрын)
Қазақстанда валюта бағамының ресми курсын белгілеу ережелері өзгереді

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі теңгенің шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу ережелеріне өзгерістер енгізуді ұсынып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Бұл жоба реттеуші органның жаңартылған заңнамаға, соның ішінде Конституцияға, Салық және Цифрлық кодекстерге, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» заңға сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Валюталар тізімі кеңейтіледі

Ең басты жаңалықтардың бірі – теңгеге ресми бағам белгіленетін шетел валюталарының тізімі кеңейтіледі. Қазіргі уақытта бұл тізімде 39 валюта бар, бірақ оны 48-ге дейін ұлғайту жоспарлануда.

Жобаға сәйкес, тізімге тағы тоғыз валюта қосу ұсынылады. Олар: Вьетнам, Мысыр, Израиль, Индонезия, Катар, Моңғолия, Оман, Пәкістан және Румынияның ұлттық валюталары.

Негіздемесі қандай?

Ұлттық банк бұл шешімді соңғы бес жылдағы сыртқы сауда айналымына, төлем валюталарына қатысты деректерге талдау жасау негізінде, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін ескере отырып қабылдағанын түсіндірді.

Бұл құжат қабылданғаннан кейін теңгенің ресми бағамы халықаралық есеп айырысуларда қолданылатын валюталардың кеңірек тізіміне белгіленетін болады.

Жаңалықтар

Жарнама