Photo: AS Photography (https://www.pexels.com/@asphotography) / Pexels
- 15 нау. 2026 23:31
- 27
Қазақстанда заңсыз контентке тыйым салынады: Жаңа жүйе енгізіледі
Қазақстан аумағында интернеттің ақпараттық кеңістігін бақылау күшейтіледі. Ендігі уақытта заңсыз контентті анықтап, оған дереу тосқауыл қою мақсатында арнайы жүйе енгізіледі. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің жаңа ережелерінде айтылған.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Интернеттің ақпараттық кеңістігін бақылау
Жаңа ережелерге сәйкес, Қаржы мониторингі агенттігі ақпараттық кеңістікті мониторингілеу арқылы заңсыз контентті анықтайды. Бұл жұмыстар ашық дереккөздердегі ақпараттарды талдау арқылы жүзеге асырылады. Әсіресе, әлеуметтік желілер, мессенджерлер, бұқаралық ақпарат құралдары және басқа да онлайн платформалар назарда болады.
Заңсыз контентке тосқауыл қою
Егер заңсыз контент анықталса, агенттік бірқатар шаралар қабылдайды. Оның ішінде, кінәлі тұлғаларды әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін материалдарды тиісті органдарға жіберу қарастырылған. Сондай-ақ, анықталған бұзушылықтар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органға жолданып, заңсыз контенті бар интернет-ресурстарға қатысты қолжетімділікті шектеу туралы шешім қабылдануы мүмкін.
Бұл шаралардың енгізілуі цифрлық ортадағы құқық бұзушылықтардың алдын алу тиімділігін арттырып, ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.