informburo.kz
- 21 сәу. 2026 23:30
- 32
Қазақстандағы пәтер иелері «ақылды» есептегіштерді ауыстыру үшін ақы төлей ме?
Қазақстандағы пәтер мен үй иелері ескі есептегіштерді «ақылды» құрылғыларға ауыстыру үшін ақы төлемейтін болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика вице-министрі Ильяс Бақытжан мәлімдеді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа есептегіштерді кім қаржыландырады?
Вице-министрдің айтуынша, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында жаңа есептегіштерді ауыстыру жұмыстарын табиғи монополия субъектілері өз есебінен жүргізеді.
«Бұл шығындар тарифтерге әсер етуі мүмкін, бірақ билік мұны жоғалтуды азайту есебінен ақталған шығын деп санайды», - деді Ильяс Бақытжан.
Қандай ұйымдар ауыстырады?
Электр энергетика саласында есептегіштерді ауыстыруды таратушы электр желілері компаниялары, ал газбен жабдықтау саласында «QazaqGaz Aimaq» компаниясы жүзеге асырады. Бұл ұйымдар қазірдің өзінде цифрлық есептегіштерге кезең-кезеңімен көшуге өтінімдер беріп жатыр.
Қанша уақыт кетеді?
Вице-министр энергетика саласындағы, соның ішінде газбен жабдықтаудағы «приборизация» жұмыстары биыл басталатынын атап өтті. Ұлттық жоба бес жылға есептелген. Ол аяқталғаннан кейін 2029 жылға қарай кәсіпкерлер мен тұрмыстық тұтынушылардың 100% цифрлық есептегіштермен қамтылуы жоспарлануда.