- 22 қаң. 2020 00:00
- 297
Қазақстандық студенттердің стипендиясы 25% артты
Қазақстанның жоғары оқу орындарында 25% арттырылған стипендия беріле бастады.
«ҚР Президенті Қ. Тоқаев Жастар жылының жабылу салтанатында 2020 жылдың қаңтарынан бастап жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің стипендиясы 25% көтерілетінін мәлімдеді. ҚР Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша шаралар қабылдады. Бүгінде еліміздің 30-дан астам жоғары оқу орны студенттердің стипендиясын 25% жоғарылатты. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан колледж студенттеріне стипендия төлене бастады. Осылайша, 179 мың ЖОО студенті мен 136 мың колледж студенті стипендиясының көлемі артады», - деді ҚР БҒМ-нің баспасөз қызметінен.
Айта кеткен жөн, бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20 949 теңгеден 26 186 теңгеге дейін, интернатура –37 945 теңгеден 47 431 теңгеге дейін, магистратура – 53530 теңгеден 66 913 теңгеге дейін, докторантура – 81 998 теңгеден 102 498 теңгеге дейін өсті. Колледж студенттерінің стипендиясы 16 759 теңгеден 20 948 теңгеге артты.