Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қазақстанның физикалық географиясына қайталау
8 сыныптың Қазақстанның физикалық географиясы бойынша қайталау сабағы оқушылардың пән бойынша функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған, яғни алған білімдерін өмірде қолдана алуға бағытталған. Соның негізінде топтық жұмыста сыни тұрғыдан ойлауға негізделген тапсырмалар берілді. СТО стратегиялары: "Екі жұп презентациясы, Екі жұлдыз, бір тілек, Галерея, Эссе жазу, Портрет салу"

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның физикалық географиясына қайталау
Сілтеме: 8 сынып оқулығы, атлас, карта, интернет беттері
Жалпы мақсаты:
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның физикалық географиясы жайлы түсініктерін жүйелеуге және кеңейтуге жағдай жасау. Тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Білімділік: География пәнінен функционалдық сауаттылығын дамыту барысында Қазақстан аймағын физикалық тұрғыдан зерттеудің әдіс - тәсілдерін үйрету.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, ой түйіндеуге, пәнге деген қызығушылығын арттыру топпен, жұппен жұмыс жасауға, өзін - өзі бағалауға, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру. Ой - өрісін кеңейту. Атлас, кескін карта көмегімен әртүрлі тапсырмаларды орындауда теориялық білімдерін қолдануды дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды уақытты тиімді пайдалануға, бірін - бірі құрметтеуге, өздеріне деген сенімділікті, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже
‾ Қазақстанның физикалық географиясының жағдайын білу;
‾ Физикалық сауаттылықты қандай жағдайда қолданған ыңғайлы екенін білу;
‾ Карталармен жұмыс жасай алуы керек.
Сабақта туындаған негізгі идеялар Өз елінің, туған аймағының жер бедеріне, табиғатына деген сүйіспеншілікке баулу, кең байтақ жеріміздің байлығына көңіл бөлу
Сабақ кезеңдері

1. Ұйымдастыру кезеңі 2мин
2. Өткенді қайталау /картамен жұмыс/ 4 мин
3. Кіріспе әңгіме /сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау/ 3мин
4. Сабақтың негізгі тақырыбы мен мақсатын анықтау 1 мин
5. Оқушылардың тапсырманы меңгеруі 5 мин
6. Оқушылардың теориялық білімін тексеру 5 - 8 мин
7. Шығармашылық жұмыс 2 мин
8. бекіту /практикалық жұмыс/ 12 мин
9. Сергіту жаттығуы 3 мин
10. Рефлексия 2 мин
11. Сабақты қорытындылау 5 мин
Жұмыс түрлері Жұптық жұмыс Топтық жұмыс Бағалау, өзін - өзі бағалау
Сабақ типі қайталау сабақ
Сабақ түрі Өткенді қайталау
Дереккөздер және жабдықтар: Дәптер, оқулық, интерактивті тақта, презентация таратпа материалдар, карточкалар, постерлер, стикерлер, маркерлер

Сабақ барысы
Мұғалімдердің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды сабаққа дайындау /2 мин/
Сергіту жаттығуы «Екі жақты презентация». Жүргізуші нұсқауы:
- Біз қазір жұпқа бөлінеміз. Сіздердің бір - бірлеріңізге өздеріңіз туралы толық айтып берулеріңізге 3 минут беріледі – себебі сіз топтағы әріптесіңізді таныстыруыңыз керек. Өзіңіздің әріптесіңіз туралы көбірек жан - жақты мәлімет алуға тырысыңыз. Өзін - өзі таныстыруда келесідей маңызды мәселелерді келтірсеңіз жақсы болар еді:
Бүгінгі сабақтан мен не күтемін;
мен өзімнің қандай қасиетімді бағалаймын;
менің мақтанышым;
менің қолымнан келетін ең жақсы іс. Барлықтарыңа бүгінгі сабақтарыңа сәттілік тілеймін Оқушылар шеңберге тұрып бір - бірінің қасиетін айтады
Топқа бөлу. (оқушыларды бірлесіп жұмыс жасау және топқа бөлу әдісін көрсету) «Молекула атом» ойыны Оқушылар орындарынан тұрып жүреді молекула - 3 дегенде 3 оқушы қолдарынан ұстап тұра қалады т. с. құрылған топпен бірлесіп жұмыс істейді орындарына отырған соң, топ басшысын таңдау /орындығының артына стикер жапсыру арқылы/
Топпен жұмыс
1. 4 топқа топтастырамын. Ал енді қызыл карточканы таңдаған оқушы топ басшысы болады.
2. Топбасшыға бағалау парағы беріледі. Топбасшы бағалау парағына топ мүшелерінің аты - жөнін жазады. Бағалау парағы

№ Топ мүшелерінің аты - жөндері
Карта бойынша тапсырма Максимум – 5 ұпай
Теориялық білім б/ша Максимум - 2 ұпай
эссе Максимум 2 ұпай
Синквейн стратегиясы Максимум - 3 ұпай
Шығармашылық жұмыс б/ша портрет салу Максимум - 5 ұпай
Жалпы ұпай саны
Бағасы
Кіріспе әңгіме /сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау/ /3 мин/
Тақырыпқа шығу:

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді.
Көшіп - қону дегенді құмнан алған секілді.
Мыңқ етпейтін мінезді жаннан алған секілді.

Ақын Қадыр Мырза Әлидің осылайша қазақ халқының бар өмірі табиғатпен тікелей байланысты екенін айтқысы келген болса керек. Қазақстан табиғаты! Туған жеріміздің керіліп жатқан кең даласы, аспанмен тірескен ақ басты таулары, жайнаған гүлдері, сылдырлаған бұлақтары мен жайқалған шалғындары - жүрекке ерекше бір сезімдерді ұялатады. Туған жердің әрбір тасына дейін қадірлі. Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, мекен - жайы, алтын ұя бесігі. Көлемі жағынан тоғызыншы орында тұрған еліміздің түрлі табиғи көріністерін бірге тамашалайық!
Бейне фильм көру – Қазақстан табиғаты Оқушылар жауабы
- Осы әсем табиғатты неше аймаққа бөлді?
Тақтада берілген картадағы сандар бойынша объектілерді тез жазу Оқушылар картада берілген сандар бойынша аймақтардың атын жазады
Топтарға тапсырма беру /10 минут/
1. Екі жолаушы бәсекелесті, әуе көлігін қолданбай Қазақстанның шеткі бір нүктесінен қарам - қарсы жақтағы нүктесіне дейін қайсы жылдам жетеді. Біріншісі солтүстік шеткі нүктеден, оңтүстікке қарайғы нүктесін таңдады, келесісі батыс шеткі нүктеден, шығыс нүктеге қарайғы нүктені таңдады. Бәсекеде кім жеңеді? Дәлелдеңдер. Маршрут бойынша жолда өтетін табиғи объектілерді атаңдар.
Әр топқа берілген тапсырмалар бойынша постерге салу

“Галлерея” стратегиясы бойынша топ өзге топтың презентациясымен сағат тілімен жүріп отырып танысады, спикер өз тобы жұмысын қорғайды. Қонақтар стикерге 2 жұлдыз / екі ұнаған нәрсе/ және 1 тілек /жақсартуды қажет ететін нәрсе/ жазып кетеді. Әр топ өз пікірлерін ортаға салады. Топқа берген баға мен ұсыныстарды талқылау, қорытынды шығару

2. Алтай мен Мұғалжар таулары геологиялық уақыттың бір мезгілінде пайда болды. Жер бедері бойынша Алтай биік таулы, Мұғалжар аласа таулы өлкеге жатады, себебі неде? Тянь - Шань – аспанмен таласқан тау, ал Алтай тауы мен Сауыр – Тарбағатай нені білдіреді? Таулардың биік нүктелерімен, биіктік белдеулерін суреттеп, жаз.

3. Қазақстан дүниенің екі бөлігінде орналасқан, шекарасы қай жерден өтеді, Қай облыстар және қалалар Еуропа бөлігінде, қайсысы Азия бөлігінде орналасқан? Сендер қалай ойлайсыңдар, Қазақстан еуропалық ел ме, әлде азиялық ел ме? Неге?

Бағалау смайликтер жапсыру
Оқушылар тұрып ұнаған топтың постеріне смайликтер жапсырады
Бекіту /5 - 8 мин/
Рекордтар кітабына Қазақстанның қай аймағын енгізуге болады, неліктен? Эссе стратегиясы
Сабақ материалын қабылдау мен оқушылардың сабақта оқу әрекетіне қызығушылық танытулары. Өз ойларын ортаға салады.
Сергіту сәті
Сергіту жаттығуы. Серпіліс жасату, жаңалыққа құмарлығын арттыру би

Қорытындылау
Синквейн стратегиясы бойынша Қорытындылайықшы.
Синквейн француздың «бес» деген сөзінен шыққан, яғни бес жолды өлең жазу әдісі.
- Бірінші жолда - тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)
- Екінші жолда - тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім)
- Үшінші жолда - тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)
- Төртінші жолда - тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз
- Бесінші жолда - 4 сөзден тұратын бір сөйлем. Синквейн стратегиясы бойынша стикерге жазады
Рефлексия (оқушылар қандай көңілмен кетіп бара жатқанын стикерге «Кері байланыс» «Портрет» салу . Асан қайғының жерұйықты іздеуі сияқты, сен жерұйықты қандай жер деп елестетесің? Портрет салу. Оған талдау жасау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама