Қазақстанның ішкі сулары. Қазақстанның өзендері (күнделікті сабақ жоспары)
Күнделікті сабақ жоспары, география 8 сынып
Тақырыптар:
26 - сабақ. Қазақстанның ішкі сулары. Қазақстанның өзендері. Алаптар бойынша ірі өзендерге сипаттама
27 - сабақ. Көлдер және бөгендер. Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі.
28 - сабақ. Жер асты сулары. Қазақстан мұздықтары. Көпжылдық тоң.
29 - сабақ. №5 сарамандық жұмыс
30 - сабақ. Қайталау сабағы
География 8 сынып
Тақырыбы: Қазақстанның ішкі сулары. Қазақстанның өзендері
Алаптар бойынша ірі өзендерге сипаттама
Білімділік: Оқушыларды Қазақстанның ішкі суларымен таныстыру. Қазақстанның жер бедерінің әр түрлі болуына климат ерекшелігінің әсері болса осыған байланысты ішкі суы да әркелкі таралғанын айту. Өзен жүйесі, өзен алабы, өзен жүйесінің ерекшелігі, өзеннің су шығыны, жылдық ағысын сипаттау. Өзендерінің қоректенуі мен режиміне тоқталып түсіндіру. Солтүстік Мұзды мұхит алабына жататын өзендердің және ішкі алаптарға жататын өзендердің ерекшеліктерімен таныстыру.
Тәрбиелік: Өзендердің қазіргі экологиялық жағдайына тоқталып, оларға мән беруге тәрбиелеу. Өз отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштік қасиетін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал - жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, ішкі сулар, атлас
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі
2. Жаңа тақырыпқа көшу 6. Бағалау кезеңі
3. Тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үй тапсырмасын беру кезеңі
4. Тақырыпты бекіту кезеңі
Сабақтың барысы:
1. Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
2. Жаңа тақырыпты меңгеру үшін ең алдымен кіріспе әңгімелесуден бастап, мынадай сұрақтар қояды:
1) Өзеннің бастауы деген не?
2) Өзен жүйесі деген не?
3) Өзен алабы деген не?
4) Суайрық деген не?
5) Қазақстанның аумағында қандай ірі өзендер бар?
3. Оқушылардың жауаптарын тыңдағаннан кейін картаны пайдаланып Қазақстан аумағындағы өзендерге тоқталып, олардың ішінде оқушылар атаған 7 өзеннің ұзындығы 1000 шақырымнан асатынын айтады. Өзеннің бағыты мен жылдамдығы сол өзеннің ағып өтетін жер бедеріне байланысты дейді. Қазақстанның оңтүстігіндегі және шығысындағы өзендердің көбі басын таулардан алады. Тау өзендері беткейлері тік, жартасты тар аңғармен ақса, жазық жерлермен ағатын өзендердің ағыны баяу екенін айтады. Қазақстан өзендерінің ерекшеліктеріне тоқталып кетеді: 1 – жасы әр түрлі, 2 – өзендердің әркелкі таралуы.
Оқушыларға сұрақ береді: Қазақстанның өзендері қоректену көздеріне және суының режиміне қарай қандай типтерге жатады? Кейін мұғалім өзі қорытындылайды: Қазақстан өзендері негізінен қар - жаңбыр, мұздық, жер асты суымен қоректенеді. Кейін өзен суының шығыны мен жылдық ағынына сипаттама береді. Өзеннің су шығыны дегеніміз өзеннің су қимасынан 1 секунд ішіде ағып өтетін су мөлшері. Ол м3/с есебімен өлшенеді: Q=Fм2*V м/с.
Солтүстік Мұзды мұхит алабының өзендері: Ертіс, оның салалары Бұқтырма, Үлбі, Оба, Есіл, Тобыл, Шар.
Ішкі алаптың өзендері Каспий, Арал, Балқаш - Алакөл көлдеріне құятынын және кейбір өзендердің құмға сіңіп кететінін анықтайды. Ішкі алаптың өзендері: Жайық, Ембі, Сырдария, Шу, Сарысу, Нұра, Қаратал, Аягөз, Тентек.
Каспий теңізі алабы – Қазақстанның шөл және шөлейт зоналары ішінара орманды даланы қамтиды, шөлейтте өзен торы нашар дамыған, бұған Жайық өзені жататынын айтады.
Салалары: Самара, Шаған, Елек, Ор, олардың халық шаруашылығындағы маңызы ашылады.
Арал теңізінің алабы – Сырдария өзені Қазақстаннан тысқары жатқан Орталық Т - Ш тауларынан басталатынын картадан көрсетеді. Бұл республиканың ең лай өзені дейді. Өзеннің ағынын реттеп, суын егістік пен шабындықтарды суаруға және суландыруға тиімді пайдалану үшін өзен бойында Қызылорда, Қызылқұм және Қазалы суару жүйелері Шардара бөгені салынғанын айтады.
Балқаш - Алакөл алабы – бұл алаптың ең үлкен өзені – Іле. Ол Шығыс Т - Ш туларынан басталатын Текес және Күнгес өзендерінің қосылуынан пайда болатынын картадан көрсетіп түсіндіреді. Оқушылардың сұрақ - жауап әдісін пайдаланып онда қандай СЭС - тер салынғанын сұрайды. Іле өзенінің жағдайына тоқталып, түсіндіреді. Ішкі алаптарды түсіндіргенде Каспий теңізінің алабына: Жайық, Жем өзені, Арал теңізінің алабына: Сырдария, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз өзендері, ал солтүстік және орталық Қазақстан көлдерінің алабына Нұра өзені, сондай - ақ Балқаш - Алакөл алабын айтқанда Іле, Қаратал, Аягөз, Тентек өзендері жататынын және оларға жеке - жеке тоқталған жөн.
4. Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар береді:
Оқулықтағы ірі өзендердің су шығынын анықтаңдар.
Қазақстан өзендерінің қоректену көздеріне және су режиміне қарай қандай типтерге бөлінеді? Өзендерді кескін картаға түсіру.
Жоспар бойынша бір өзенге сипаттама беру.
Солтүстік мұзды мұхит алабына жататын өзендерді атап, картадан көрсетіңдер. Бұл алаптағы өзен ағынының тұрақты ма, тұрақсыз ба, себебі не екенін түсіндіріңдер. Ішкі алап деп нені айтады? Оған қандай теңіздер мен көлдер жатады, атауларын атаңдар. Өзендердің қандай шаруашылық маңызы бар? Қандай өзендерде кеме жүзеді? Қайсысынан электр энергиясын алады? Өзендердің қазіргі экологиялық жағдайы қандай? Физикалық картадан әр алаптың ірі өзендерін тауып, кескін картаға түсіріңдер.
5. Сабақты оқушылармен бірге қорытындылайды.
6. Сабақ барысында белсенділігіне байланысты бағаланады.
7. Үйге: тақырыпты қайталау, сұрақтарға жауап беру.
Толық нұсқасын қарау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Толық нұсқасын қарау