Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Семинар сабақ «Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары»
Мақсаты: Қазақ халқының көне аспаптарының шығу тарихын есте сақтауға баулу.
Дамытушылық: Аспаптың үнімен, сыр - сипатымен таныстыру. Халық музыкасына деген сүйіспеншілікті арттыру.
Білімділік: Есте сақтау, есту, ырғақ сезіну қабілеттерін дамыту.
Міндеті: Музыканың адам өміріндегі маңызын терең түсіндіру, адамгершілікке, әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу. Оқушыны сөйлеуге, ойын тұжырымдауға үйрету.

Ұйымдастыру бөлімі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақты меңгеру
Сабақты бекіту
Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма беру

Сабақ жоспары:
1. Үй тапсырмасы. Халық күйі «Ақсақ құлан» суреттеу.
2. Домбыра туралы аңыз.
3. Домбыра аспабының құрылысымен танысу.
4. Музыка сауаты. Домбырада ойнайтын он саусақ.
5. Музыка тыңдау. Н. Тлендиев «Ата толғау»
6. Қобыз аспабымен танысу.
7. Қобыз аспабында күй тыңдау.
8. Ұлттық аспаптармен танысу.
9. Аспапта ойнау. Ұлттық аспаптар. «Жұмырлы қылыш»
10. Сабақты қорытындылау сөзжұмбақ шешу.
11. Үйге тапсырма. Сазды аспаптар сыры тақырыбына сурет салу.

Үй тапсырмасын тексеру.
Халық күйі «Ақсақ құлан». Басты кейіпкерлерді суреттеу.
Оқулықпен жұмыс:
«Ертеде бір аңшы жігіт болыпты, сол аңшы жігіт биік таудың қиясын, қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы маралдан аулап, кәсіп етсе керек. Бірде жолы болып, биік таудың қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек - қарынын ақтарып алып тастайды.
Содан арада айлар өткенде аңшы жігіт аң атуға ұрымтал жер еді ғой деп баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағынан бір ызыңдаған дауыс естіледі. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішегін қарға - құзғын іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады. Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Оның өзі бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге түсіреді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама