- 13 қаң. 2020 00:00
- 220
Қазыбектің қалмақ еліне екінші сапары
Тарихта «құба қалмақ заманы» деп атанған шақта қалмақ пен қазақтың ел шабысқан дәулерін бітістіруде Қазыбек үш рет билік айтқан екен.
Оның бірі — он төрт жастағы Қазыбек Телқоңыр дейтін тайға мініп, өзге билерге атқосшы боп барғанда айтқан билігі. Бұл билік жалпыға белгілі.
Екінші билігінің тарихи мынадай: Қазыбек аты әйгілі би боп тұрған шағында өзіне қараған елін қалмақтың тіке шабуылынан аулағырақ қонысқа ірге тептіру үшін Сарыарқаның жерін шолып қайтуға кетеді. Соны сырттан естіген қалмақтың Қоңтәжі дейтін ханы дереу қалың қол аттандырып Қазыбекке қараған елді шаптырып алады. Ханның қолы малмен қоса жүзге тарта ер балаларды да байлап әкетеді. Оның ішінде Қазыбектің өз баласы Қазымбет те кетеді. Өйткені Қазыбектің тұқымынан біреуді қайтсе байлап әкету жөнінде ханның тікелей тапсырмасы болған деседі. Сарыарқаны қоныстыққа ұнатып, елге қайтқан Қазыбек өзі басшы болып қалмаққа екінші рет жол тартыпты.
Он төрт жасар бала күннің өзінде нелер тапқыр сөздер айтып бетін қайтарып тастаған Қазыбектен жасқанып, Қоңтәжі хан бітім жасауға көнеді. Бірақ ер балалардың ішінен өзіне керегін алып қалу мақсатымен әртүрлі қулыққа салады. Сонда ханның көздегені Қазымбетті қайтармау екен. «Тірі емес» балаларға құн төлеу ниетін білдіреді.
Сонда Қазыбек тұрып Қоңтәжіге:
— Жұмыр басты екі аяқты адамымның өзі қайыр. Төрт аяқты айдынды бөзімнің көзі үшін құн алмаймын. Өлсе, мен бөзімнің көзі жоқ болса, екі есе қып төлеуіңе келісемін. Тал түсте тапап аламын, — дегенде, Қоңтәжі:
— Қазыбек би, «ерің үшін құн алмай, өлісемін!» дегеніңді жөн делік. Ал «бөзіңнің төлеуін екі есе қып аламын!» дегеніңе жол болсын, — депті.
Сонда Қазыбек:
— Бөзімнің төлеуін екі есе болатын себебі: (белеңнен шыға келген қалың топтың ішінде оның жарқ еткен айдыны Қоңтәжідей ханды да сескендіреді). Төлеуі толық болса — ендігіәрі есте жүреді, — дейді.
Сонымен Қазыбек бұл жолда шапқыншылыққа түскен балалармен қоса малдың көзі барының көзін, көзі жоғының толық төлеуін алып қайтады. Сол шабыншылыққа түсіп, қайта келген Қазымбеттің ұрпағына Шаншардан өрбіген өзге рулардың адамдары:
— Сендер қалмақсыңдар. Қоңтәжі Қазыбек бабамнан қаймығып айыпқа берген, — деп қалжындайды. Ал Қазымбеттің ұрпағы атасының шабыншылыққа түсіп кетіп, қайта келгенін өздері де растайды.