Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қазпоштаның электронды қызметтері күн санап артуда

Қазпоштаның қызметтері енді электронды түрде көрсетіледі. Яғни, өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары мен роботтардың көмегімен барлық қажетті қызметтерді ала аласыз. Бұл туралы aigak.kz ақпараттық агенттігі жазды.  

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен Қазпоштаның «Трансформация» бағдарламасының аясында бүгінде компанияда электронды қызметтер жиі көрсетілуде.

«Электронды қызметті қолданушылардың алғашқысы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов болды. Қала әкімі интернет арқылы сауда жасауға арналған карточканы, тапсырыс бергеннен кейін небәрі 10 минутта қолына алды. Осы секілді Қазақстан қалалары арасында жедел хаттар жолдау, коммуналды төлемдер де электронды түрде болмақ», – делінген басылымда.

Бұған қоса, Қазпоштаның цифрлық кеңселері де көбірек бой көтеріп жатыр. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 7 цифрлық кеңсе бар. 7-шісі Шымкент қаласында ашылған болатын. Алдағы уақытта Түркістан қаласында ашылады деп жоспарлануда. Пошта желісі бизнес пен халық үшін электрондық сауданы, көлік-логистикалық сервисті сонымен қатар қаржылық қызметтерді дамытудың тиімді құралы болып табылады.  

Қазпошта арқылы коммуналдық төлемдер, салық және басқа да төлем түрлері, ақша аударымдары, депозит салымын қабылдау, халықаралық төлем карточкаларын рәсімдеу, жеке және заңды тұлғаларға банк шотын жүргізу мен ашу, зейнетақы, еңбекақы, әлеуметтік жәрдемақы төлемдерін қабылдау, әуе және темір жол билеттерін сату, несие (Банк ХоумКредит арқылы) төлеу, несиелік бюро, трансфер-агенттік, шетелден интернет-дүкен арқылы тапсырыс қабылдау сынды қызметтерді алуға болады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама