Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 15 сағат бұрын)
ҚазҰУ - мүмкіндіктер мекені

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) — Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Университет 180 сала бойынша мамандар дайындайды.Бұл университет 16 факультеттен тұрады. Қазақ ұлттық университеті құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары жұмыс істейді; 2 мыңнан астам профессор, ғылым докторлары, кандидаттары мен философия докторлары, 100-ден астам ірі академиялардың академиктері, 40-тан астам Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, 40-қа жуық ҚР Мемлекеттік және атаулы сыйлықтарының лауреаттары және 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаттары жұмыс атқарады. 2012 жылғы әлемдік үздік 390-шы университет. 

1937 жылы қыркүйекте төрт жылдық оқу жүйесіне негізделген тұңғыш гуманитарлық шет тілдері факультеті ашылды. Бір жылдан кейін 120 студенті және құрамында орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және француз тілі тәрізді үш кафедра бар филология факультеті (оқу мерзімі 5 жылдық) ашылды. Кейіннен шет тілдері факультеті де осы құрылымға қосылды. Университетте соғыс қарсаңы және соғыстан соңғы жылдары 23 кафедрасы бар үш жаратылыстану (биология, физика-математика, химия) және екі гуманитарлық (филология мен журналистика факультеті) факультет жұмыс істеді. Университет 1942 жылы 257 физик, химик, математик, биолог, журналист, филолог, сондай-ақ Батыс Еуропа тілдерінің мамандарын даярлап шығарды.

КСРО халықтық кеңесінің №2293 қаулысы

1954 – 1955 оқу жылы университетте 3778 студент оқыды, 386 оқытушы – профессор еңбек етті. 1970 жылы университет құрамында 16 мамандық бойынша жас кадрлар дайындайтын 10 факультет, 65 кафедра болды. 1980 жылы 89 кафедрада 869 оқытушы, онын ішінде 79 профессор мен 540 доцент, ғылым кандидаттары қызмет атқарды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанға КСРО-ның Еуропалық бөлігінен: Мәскеу, Ленинград, Киев, Минск және т.б. ғылыми орталықтардан ірі ғылыми ұжымдар мен лабораториялар көшірілді. Бұл жылдары университетте КСРО Ғылым Академиясы (КСРО ҒА) академиктері И.Мещанинов, Н.Акулов, кореспондент–мүшелер В.Догель, А.Думанский, профессорлар А.Михлин, М.Розенберг, Н.Пакуль сияқты көптеген ғалымдар еңбек ете бастады.

КазҰУ-дың қабырғасында Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Ермұхан Бекмаханұлы, Әлкей Марғұлан, Д.Сокольский тәрізді аса көрнекті ғылым мен мәдениет қайраткерлері дәріс оқыды.

Мен механика математика факультетінің 1 курс студентімін.Университетте студенттерге жағдай толыққанды жасалған.Оқу орнына жаңадан қабылданған студенттер арнайы жатаханалармен  қамтылады.Студенттерге арналған ҚазҰУ қалашығы,спорттық алаңдар және арнайы ұйымдар бар.ҚазҰУ-ға түсіп мен өзімді басқа қырымнан тани алдым.Түрлі іш шараларға қатысып көптеген жетістіктерге жетіп жүрмін.ҚазҰУ-ды бітірген түлек жерде қалмайды. Мен бұл университетке тускеніме еш өкінбеймін,себебі, ҚазҰУ мүмкіндіктер мекені!

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің  механика - математика факультетінің 1 курс студенті: Тілеубай Ерасыл; жетекшісі: Уразғалиева С.А


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама