- 05 жел. 2019 00:00
- 259
ҚазҰУ-ңің магистранттары шетелдік ғылыми іс тәжірбиеден өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Тарих, археология және этнология факультетінің 2-курс магистранттары Түркия Республикасы Стамбул қаласындағы, Стамбул университетінің Фараби-Евразия зерттеу және оқыту орталығында ғылыми іс-тәжірбиеден өтіп қайтты. Шетелдік ғылыми іс-тәжірбиенің алғашқы күні Стамбул университетінің Фараби-Евразия зерттеу және оқыту орталығының меңгерушісі, профессор Абдуллах Кызылджпен танысудан басталып, одан әрі Фараби-Евразия зерттеу және оқыту орталығындағы тағылымдама мәселелері бойынша құжаттарды қарап, тәжірбие алмасу бағдарламасымен таныстыру жүргізілді. Ғылыми тағылымнама барысында магистранттар өз кезегінде Стамбул университетінің Орталық кітапханасына барып, ондағы ғылыми кітап қорымен танысып, диссертациялық жұмыстарына байланысты библиографиялық тізімдермен танысты. Сондай-ақ шетелдік іс –тәжірбие барысында магистранттарға өз диссертацияларына қатысты Стамбул университетінің материалдық-текникалық базасымен таныстыру шаралары жүргізілді. Іс-тәжірбиеден өту барысында болашақ тарихшы магистранттар Стамбул университетінің Фараби-Евразия зерттеу орталығының профессоры Абдуллах Кызылджыктың «Осман империясының географиялық аймағы» атты семинарына және осы Фараби-Евразия зерттеу орталығының ғылыми көмекшісі отандасымыз, доктор Ораз Сапашевтың «Ғылыми зерттеу тақырыптарын таңдаудағы кейбір мәселелер» атты семинарларына қатысып, тәжірбие жинақтады. Магистранттар өз кезегінде Стамбул қаласындағы ірі тарихи маңызы бар кешендерге оның ішінде: Айя-София мешітіне, Сұлтан-Ахмет мешітіне, Топқапы сарайына, Долмабахче сарайына, Стамбул қаласындағы Археология мұражайы мен Мозайкалар мұражайын аралап, экскурсия жүргізді. Шетелдік ғылыми іс-тәжірбиенің қорытындылай келе тарихшы магистранттар Стамбул университетінің Фараби-Евразия зерттеу орталығының арнайы сертификаттармен марапатталды. Сондай-ақ шетелдік ғылыми іс-тәжірбиенің нәтижесінде ҚазҰУ-нің Тарих, археология және этнология кафедрасының магистранттары жаңа материалдармен танысып, диссертацияға қатысты мәліметтер қорын жинақтады. Шетелдік ғылыми іс-тәжірбиеден өту магистранттарға тек диссертациялық жұмысқа материалдар жинақтау ғана емес, Түркиялық ғалымдардың еңбектеріне бақылау жүргізу арқылы ғылыми зерттеу әдісін түсінуге мүмкіндік береді.
Е. Шалбаев,Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰлттықУниверситетінің 2 курс магистранты.
Н. Нұртазина, Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰлттықУниверситетінің профессоры., ғылыми жетекші.