Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
ҚазҰУ технопаркі – инновациялық идеялар орталығы

Технологиялық парктер – заманауи инновациялық экономиканың маңызды элементі. Бүгінгі таңда елдің толыққанды инновациялық қызметі ғылыми және инновациялық орталықтар мен парктер, идеялар инкубаторы, алдыңғы қатарлы технологиялар орталықтары, технологиялық полистер, сараптамалар сынды жаңа аймақтық шаруашылық құрылымы негізінсіз дами алмайды. Олардың бәрі әлемнің жетекші индустриалдық аймақтарында жасалып, мамандандырылған инновациялық құрылым негізін құрайды. Технопарктер өндіріс пен ғылымды барынша жақындастыру жағдайында ғана мүмкін болатын, республикамызда құрылған ұлттық инновациялық жүйенің негізін қалаушы элемент болып табылады.

Соңғы он жыл ішінде елімізде 10 астам технопарктер жұмыс істеуде. Солардың ішінде, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің аумағында ғылыми-технологиялық парк сәтті жұмыс істеуде. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-технологиялық паркі инновациялық идеяларды жүзеге асырудың орталығы болып табылады. Парктің негізгі мақсаты – еліміздегі ғалымдардың ғылыми жетістіктерін тәжірибелік-өндірістік және сериялық өндіріске ендіру болып табылады. Технопарк бұл жерде бизнес-құрылым өкілдері мен ғалымдар арасындағы ықпалды диалог жүргізуші үшін арнайы аумақ ретінде көрініс табады. Дәлірек айтқанда: ҒЗТКЖ саласында жаңа тиімді стратегияларды іздестіру мен қолдану, инновациялық жобаларды және ғылыми зерттемелерді бірігіп қаржыландыру бойынша бағдарламаларды, сонымен қатар студенттер тарапынан түсетін бастамаларды ұйымдастыру. Технопарк өзінің негізгі миссиясы - инновациялық кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамыту бойынша жағымды шарттар жасау, мүмкін іскерлік серіктестерді іздеу, инновациялық ғылыми-техникалық жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторларды тарту және сапалы кеңестік қызметтер көрсету деп біледі. Алдыға қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін технопарк даму стратегиясында алдымен бәсекеге қабілетті басым бағыттарды анықтау негізіндебар ғылыми және технологиялық әлеуетті, жоғары білікті мамандар мен ҚазҰУ-дың ақпараттық ресурстарын біріктіру бойынша шараларды жүзеге асыруда.

Өз қызмет аясында қазіргі күні ғылыми-технологиялық парк ҚР патенттері, инновациялық патенттер, интеллектуалды меншік туралы авторлық куәліктерге ие бола отырып, паттенттеу саласында, және жобаларды ұлттық және халықаралық деңгейде таныстыру мүмкіндіктеріне ие.

Технопарктің көптеген инновациялық жобаларының арасында «ҚазҰУ аймағында қатты тұрмыстық қалдықтарды органикалық фракциясын қайта өңдеудің экологиялық қауіпсіз технологиясын жасау мен ендіру» жобасын атап көрсетуге болады. Бұл жобаның ұлттық және халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті болатынына күмән жоқ, себебі нақты қалдықтардан жоғары сапалы дәндік қоспалар алынатын болады. Ал «Бағдарламалық-аппараттық ғарыштық құрал құрастыру мен наносеріктің тәжірибелік үлгісін жасау» жобасының мақсаты – ғарыштық құралдың бағдарламалық-аппараттық жүйесін қалыптастыру, Қазақстандағы алғашқы студенттік наносеріктің тәжірибелік үлгісін жасау мен жер бетіндегі сынақтар жүргізу және болашақты үлгіні ғарышқа ұшыру болып табылады.    

Ұлттық технопарктер Қазақстанда қаржы және еңбек ресурстары, қолда бар ғылыми-техникалық әлеуетті қолдана, Қазақстан экономикасының болашақта бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік тудыруға қажетті жаңа салаларды құруға бағытталған. Бұл бір мезгілде әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде, сонымен қатар жалпы алғанда мемлекеттің экономикалық өрлеуіне тұрақты қарқында қол жеткізуіне септігін тигізеді.

әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және бизнес жоғары мектебенің
2 курс магистранттары: Ғалымқызы Гүлмира
Нұрғали Айгүл, Тынабекова Гүлмира

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама