Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 11 сағат бұрын)
Қыс қызығы
Оқу іс - әрекетін ұйымдастыру технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным» білім беру саласы
Бағдарлама тараулары: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты: Салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатымен сауық, мерекелерді өткізу. Табиғат пен адам денсаулығының өзара байланысы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Құрал - жабдық: Қыс мезгіліндегі сауықтар мен мерекелерді бейнелейтін суреттер.
Сөздік жұмыс: сауық, мереке

Мотивациялық – қозғаушы
Сабақты өлеңді оқып беру арқылы бастау
Қыс.
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады, қатады
Жып жылтыр боп жатады.

Тақпақты жаттау
Қыс мезгіліндегі сауықтар мен мерекелерді бейнелейтін суреттерді көрсете отырып, мерекелердің мазмұны мен таныстырады және бұл мерекелердің сауықтыру, шынықтыру үшін маңызды екені туралы әңгімелейді.

Іздену - ұйымдастырушылық
Табиғаттың адам организміне тигізетін пайдасы жайлы түсінік береді. Сондықтан сауықтарды, мерекелерді табиғат аясында, таза өткізу, отбасымен бірге серуенге шығу және спорттық сауық, мерекелерге қатысып отырудың адам денсаулығына тікелей әсер ететіні туралы түсіндіреді.

Рефлексифті – корригиялық
Дидактикалық ойын: "Кім жылдам?"
- Шынығудың қандай жолдарын білесің?
- Табиғат пен адам денсаулығы арасында қандай байланыс бар?
деген сұрақтар қойылады.

Болжамды нәтиже: Салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатымен сауық, мерекелерді өткізу керектігін түсіндіру.
Білуі керек: Табиғат пен адам денсаулығының өзара байланысын
Қалыптасқан әдет: қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігі
Істей біледі: Қоршаған ортаны бақылау

Қыс қызығы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама